Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2646 / 01.06.2010 00:00

Талап бар жерде тәртіп бар

Қосұйым Мұқашев

Өндірістегі негізгі міндет әрбір жұмыс орындарында қауіпсіз жағдай туғызу, өндірістік жарақаттың алдын алу және оны болғызбау шараларын жүргізу болмақ. Осы жұмыстың дұрыс жолға қойылып, жоғары дәрежеде жүргізілуі еңбек қорғау инс-пекторларына да байланысты.

Атырау локомотив пайдалану депосының еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы инженері А.Шоқанбаевтың айтуынша, 2010 жылдың бірінші тоқсанында депода бірде-бір жарақат алған жағдай тіркелмеген. Аталған мерзім ішінде еңбек жағдайын жақсартуға бөлінген қаражат толықтай игерілген. Бүгінгі күні депода 523 адам еңбек етсе, оның 45-і әйел адамдар, 17 адам еңбектің қиын жағдайында жұмыс істейді. Қорғаныш құралдарын сынау, локомотивтерде жарық беру плафондарын қондыру және алмастыру, желдеткіштерді жөндеу, ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізу жұмыстары өз деңгейінде жүргізілген.

Барлық депо қызметкерлері қысқы арнайы киім және аяқ киіммен, зиянды жұмыс орнында еңбек ететін жұмысшылар үшін сүт, жеміс шырынымен қамтамасыз етілген. Алайда, бүгінгі күні жетіспей отырған арнайы киімдерге тоқтала кетсек, «Гудок» костюмі – 200, бәтеңке – 255, Х/Б костюмі – 220, фирмалық костюм – 443 дана. Ауысымға шығар алдында және одан кейін машинистердің денсаулығын, қан қысымын, ішімдік ішкен-ішпегендігін, т.б. тексеріп оты-ратын, ауырып қалған адамдарға алғашқы медициналық көмек көр-сететін арнайы бөлмеде медицина қызметкерлері жұмыс жасайды.

Басшылар мен машинист нұс-қаушылар еңбек қорғау жұмысына қатысу нормативтерін орындау мақсатында бекітілген кестеге сай Атырау–Ганюшкино–Ақсарай, Атырау–Мақат–Құлсары учаскелеріне апта сайын шығып, локомотивтердегі еңбек қауіпсіздігі жағдайын, локомотив бри-гадаларының еңбекке қабілеттілігін тексеріп отырады. 3 сатылы бақылау барысында еңбек қорғау бағытында 56 кемшілік жіберушілік анықталған, олардың бәрі уақытылы талқыланып, алдағы уақытта жіберілмеуі жөнінде қатаң ескерту берілген. 12 адам тәртіптік жазаға тартылған.

Ай сайын «Еңбек қорғау» күні өткізіліп, кестеге сәйкес локомотив бригадалары, жүргізушілермен техникалық сабақтар өткізіліп келеді. Рейс алды, ауысым алды медициналық байқаудан өтіп, жұмысшылар арнаулы киіммен үнемі қамтылса, жұмысшы-қызметкерлерге электр қауіпсіздігі жөнінде аттестация өткізіліп, локомотив және цехтар медициналық құрал-жабдықтармен жеткілікті мөлшерде жабдықталған. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Локомотив» АҚ-да болып жатқан әрбір жазатайым оқиғалар жоспарлау мәжілістерінде үнемі және уақытылы талқыланып, депоның бар-лық қызметкерлерімен жоспардан тыс нұсқаулықтар өткізіледі.

Поделиться:
Популярные новости
2211 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3802 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2912 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер