«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС ғимараттары мен құрылыстарын ағымдағы жөндеу жоспары 90% орындалды
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-ның 422 өндірістік ...
Төребай Кенжебай
«Локомотив» АҚ-ның филиалы – Ақтөбе локомотив пайдалану депосының ұжымын көп жылдан бері Нұрлан Көшербаев басқарып келеді. Жерлестері оны «локомотивтің майын ішкен маман» деп қалжыңдайды. Олай дейтін жөндері бар. Өйткені, Нұрланның әкесі Юрий Сейсенғалиұлы да осы депода машинист болып қырық жыл жұмыс істеп зейнеткерлікке шықса, оның әкесі Сейсенғали да 1965 жылға дейін паровоз машинисі болып еңбек етіп, локомотившілер әулетінің негізін қалаған.
Депо басшысының айтуына қарағанда, ұжымда өткізілген көктемгі комиссиялық байқаудың нәтижесі де жаман болмаған тәрізді. Ақтөбе локомотив пайдалану депосының инвентарлық паркінде 13,5 бірлік локомотив болса, соның 12,5 бірлігі тексеруден өткен. Жазғы жұмыс мезгіліне көшуге байланысты тепловоздар толық сырланып, олар мәдени, техникалық және өртке қарсы тиісті жағдайларға келтірілген, мұның бәрі тексеру кезінде оң бағасын алыпты.
Депоның жұмыс көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір өскен. Мысалы, тонна-километрлік жұмыс тапсырмасы 118,088 млн км-бруттоны құрап, жоспар 108,67 пайызға орындалған. Ал локомотивтердің жалпы жүрісі километрге шаққанда 102,92 пайызға көтерілген, локомотив километр 103,18, локомотив сағаты 102,07 пайызға артқан, локомотивтердің орташа тәуліктегі өнімділігі 101,82 пайызға орындалған. Техникалық жылдамдық сағатына 48,92 км орнына 49,22 км болып, жоспардың орындалуы өткен жылдың есепті мерзімімен са-лыстырғанда 100 пайызды құрап отыр. Орташа тәуліктік қашықтық 545 километр болып жоспарланса, ол 546 километрге жетіп, 100 пайызға орындалған.
Бүгінгі таңда локомотив депосында барлығы 492 адам жұмыс істейтін болса, солардың 178-і машинист те, 191-і машинист көмекшісі. Бұл мамандар жыл сайын білімдерін жетілдіріп, арнайы курстардан өтіп келеді. Өткен жылы даярлау курсынан 25 адам өтсе, биылғы жылы да сонша адам оқып жатқан көрінеді.
Тәжірибелі басшының сөзінен ұққанымыз, биылғы жылы ұжым ин-теграциялық менеджмент жүйесі бо-йынша жұмыс жасап, алдыңғы қатардан көрініп, сәйкестік сертификатын алыпты. Өткен айда «Локомотив» АҚ-ның ішкі аудиторлары сол жүйенің жұмыс барысын тексеріп, оның лайықты жүргізіліп жатқанын атап өткен. Әсіресе, білім беру жөніндегі нұсқаушы Е.В.Баранова-ның жұмысын ерекше атап өткен олар қосымша 12 жұмыстың үлгісін барлық локомотив деполары үшін қажетті дүние деп, оны барлық деполарға таратуға ұйғарым жасапты.
Қазір депода еңбек қорғау және қауіпсіздік жағдайын жақсарту мақ-сатында жауапты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Екінші тоқсаннан бастап мұнда қызметтік орындарды жөндеу, қорғаныс құралдарын сынау, ТПЕ, ТҚЕ-ге сәйкес локомотивтердегі ескерту жазбаларды жаңарту, жерлендіру нобайлары мен жерлендіру қондырғыларын оқшаулау кедергісін тексеру және еңбек жағдайы бойынша жұмыс орнын аттестациялау жоспарға енгізіліп отыр.
Қазіргі көктемгі көркейту, көгал-дандыру және санитарлық-таза-лықтың екі айлығы жүріп жатқан тұста мұнда көптеген жұмыстар ат-қарылған. Машинистердің өзі екі ауысым аралығында 9 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар шығарып, бірнеше түп ағаштар отырғызыпты.
Бір сенбіліктің өзіне 310 адам қатысып, 50 шаршы метр жерді клумбаға бөліп, ғимараттар мен орын жайларды, саялы ағаштарды ақтап, аяқсу жолдарын тазалады.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. ...
Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше...
Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қыз...