Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2295 / 04.06.2010 00:00

Жағымды жаңалық «Қазақстанда жасалған» тұңғыш тепловоз сапарға аттанды

Төребай Кенжебай

Өткен жылы тұсауы кесілген Астана локомотив құрастыру зауытының алғашқы өнімдері локомотив шаруашылығына пайдалануға жіберіле бастады. Дүйсенбі күні осы зауыттан шығарылған «ТЭ 33А–0018» маркалы тепловоздың үшеуі Астанадан Алматыға – алғашқы сапарына аттанды.

Осы тарихи оқиғаны көзбен көруге вок-залға жиналған көп-шілік жаңа тепловоздардың сапарға аттану алдындағы салтанатты рәсімінің куәсі болып, олардың бірінші жолдан жүріп кеткенге дейінгі уақыттарын есептеумен болды.

Салтанатты рәсімде «Локомотив» АҚ-ның бірінші вице-президенті Ғ.Ж.Жұматаев Астана локомотив құрастыру зауытынан биылғы жылы осындай 30 тепловоз шы-ғарылатынын жеткізді. Ал 2014 жылға қарай бұл көрсеткіш 231-ге жетеді екен. Осылайша зауыт өнімін ұлғайта отырып, Қазақстан алдағы кезеңдерде басқа елдердің сұраныстарына да ие болатынын мақтанышпен айтып өтті.

– Бұл тепловоздар біздің депоның еншісіне тиді,– деді Астана локомотив депосының директоры Сағындық Алпыс-байұлы өз сөзінде. – Бұлар ендігі жерде Алматыда болып, бір айға жуық сынақтан өтеді. Әбден сыналып, кез-келген жүк түрлерін тасымалдауға жара-ған кезде жаппай пайдаланатын боламыз. Ал сынақ кезінде ол сыр беріп, кішігірім жөндеуді қажет ететін болса онда бірден зауытқа қайтарылады. Мұнда ол қайта тексеруден өтеді.

Америкалық «Дженерал Электрик» компаниясымен бірігіп шығарып жатқан бұл тепловоздың жанармай үнемдеуден, жүріс жылдамдығы жағынан бұрынғы тепловоздар-ға қарағанда көп артықшы-лығы бар. Осы тепловоздарды алып бара жатқан бригаданың бірі, үшінші класты машинист Мерген Аппазовтың айтуына қарағанда, тепловоздың іші кең, онда компьютерлік құрылғы-лар, мұздатқыш, ауаүрлегіш, электр жарығының жаңа үлгідегі түрлері қамтылған. Темір жол телімдерінде орташа жылдамдығы сағатына 80 километр болса, жоғарғы жылдамдығын 120 километрге дейін жеткізуге болады екен.

Алматыға барған соң бұл теп-ловоздар Алматы – Сарыөзек аралығындағы телімде жүк пойыздарының құрамдарын алып жүреді.

Жиырма жылға жуық машинист болып істеп келе жатқан Мерген Аппазовтың енді өз көмекшісі В.Денеевпен бірге «су жаңа» тепловозға отыратын күн де келіп жеткендей. Астанадан жолға шыққан үш тепловоздың біріне осы екеуі отырса, қалған екеуіне машинистер А.Бурген мен С.Иваников орналасты.

Жаңа тепловоздарды Алма-тыға шығарып салу рәсіміне Астана локомотив құрастыру зауытының техникалық директоры Қ.Рысқалов, Астана станциясының директоры Ш.Төлеушин, сондай-ақ америкалық «Дженерал Электрик» компаниясының өкілдері қатысты.

Поделиться:
Популярные новости
1953 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3540 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2695 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер