Мойынты - Балқаш учаскесіндегі қозғалыс бойынша ақпарат
Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстар...
Қосұйым Мұқашев
Атырау локомотив пайдалану депосының темір жол шаруашылығына қатысты басқа да салалар секілді іргесі қаланып, алғаш өндірістік қызметін атқара бастағанына да отыз бес жылдай уақыт болыпты. Қауіпсіз, сенімді де тиімді жолмен магистральдық және маневрлік қозғалыс түрлерінің үздіксіз тасымалдау қызметін көрсету мақсатында Атырау локомотив пайдалану депосы өзіне жүктелген міндетті абыройлы атқарып келеді.
Мекемеге қарасты барлық бөлімшелерімен қосқанда штат кестесінде 523 адам бар, олардың ішінде 154 машинист пен 163 машинист көмекшілері, 39 жүк қозғалысының машинисі мен 74 машинист көмекші-сі, сондай-ақ 22 жолаушы қозғалысы машинисі мен 23 машинист көмекшісі бар. Атырау локомотив пайдалану депосының тіркелім паркінде 42 локомотив бар, олардың 26-сы магистральдық және 16-сы маневрлік болып табылады. 26 магистральді тепловоздың 22-сі 2ТЭ10М сериялы тепловоз, біреуі 2ТЭ10У және 3-еуі 2ТЭ10МК тепловоздары. Америкадан шығарылған «Дженерал Электрик» 2ТЭ10МК сериялы модернизацияланған жаңа тепловоздарды жүргізу үшін тепловоз машинистерін оқыту жұмыстары Мақат, Ембі, Маңғышлақ, Шалқар депосы нұсқаушыларымен жүргізілуде.
Пойыз қозғалысының қауіпсіздігін сақтау бойынша кейбір қателіктер орын алған. Атырау станциясының басындағы 3 жолға келіп тоқтаған жолаушылар пойызы машинист көмекшісінің алға деген белгі берісімен машинист тепловозды алға жүргізген, бірақ сәлден кейін құраманың селкілдегенін сезіп, тепловозды тоқтатады. Сөйтсе, пойыз тепловоздан ажыратылмай қалыпты. Машинист те, көмекшісі де пойыздың ағытылғанына көз жеткізбеген. Жауапты адамдарға шара қолданылған. Сондай-ақ қыс-та тепловоздардың ток беру магистралінің секция ара-лық иіндерінің қатып қалуы себепті тепловоз 50 минтуқа тұрып қалған. Мұнда да жа-уапты адамдар тепловозды жөндеуден дұрыс қабылдап алмағаны үшін сөгіс алған. Жалпы жөндеуден шыққан тепловоздарды дұрыстап қа-былдап алуға жіті көңіл бөлу қажеттігі де айтылып жүр.
Үстіміздегі жылдың алғаш-қы тоқсанында ТЧЭ-3 Атырау бойынша пойыз және маневрлік жұмыстарда ақау, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша жазатайым оқиға болмаған. Жүк пойыздарының кешігуі бойынша 9, жолаушылар пойызының кешігуі бойынша 1 оқиға тіркелген, оған қар-сы пойыздардың кешігуі себеп болған. Келтірілген шығын көлемі (83 668,1) толықтай өндіріліп алынған. Жөндеу бағдарламасын орындау бо-йынша жоспар 38 болса, нақты орындалғаны 43. Жоспардан тыс жөндеуге тұрудың наурыз айында 31 оқиғасы тіркелген.
Өткен үш айда локо-мотивтердегі қауіпсіздік құрал-дарының жұмысы бағытында АЛСН бойынша 30 оқиға тіркелген, ол өткен жылмен салыстырғанда 12 оқиғаға кем. Локомотив бригадаларының жұмыс режимінің сақталуы да біркелкі, жұмыс сапасына кедергі келтіретін жағдайлар, артық сағат жұмыс жасау болмаған. Депо бойынша тасымал көлемі 102,5 пайызға орындалған.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...
Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...
Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...