Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2212 / 22.06.2010 00:00

Тау тұлғалы дарабоз

Бекзаттар Динасилов

Үстіміздегі жылы жетінші мүшел жасын атап өткен байырғы теміржолшы, «Құрмет» орденінің және көптеген медальдардың иегері Тәжібек Қарашаев Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойын ерекше көңіл күймен қарсы алды. Біз бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері, 40 жылдан астам ғұмырын темір жол саласына арнаған ағамыз жайлы сыр шертпекпіз.

Ол кіндік қаны тамған Арыс қаласындағы №21 теміржолшылар мектебін бітірген соң бірден сондағы локомотив депосына паровозға от жағушы болып жұмысқа орналасты. Он алты жастағы бозбала үшін бұл оңай шаруа емес-тін. Қабырғасы қайысып жүріп бұл міндетті абыроймен атқарды. Бозбаланың қайсарлығы мен төзімділігіне сүйсінген депо басшылығы оны сәті түскенде арнайы курсқа немесе оқу орнына жіберіп, мамандық алуына жағдай жасауды ойластырып жүрген. Ойда-жоқта соғыс өрті тұтанды. Деподағы ер-азаматтардың көбісі майданға аттанды. Олардың орнын қыз-келіншектер мен жасөспірімдер басты. Солардың ішінде бозбала жігіт Тәжібекке көбірек сенім артылып, жауапкершілік жүктелетін. Ол да сенімді ақтап, уақытпен санаспай жұмыс істеді. Оқу жайына қалды Жасы кәмелетке толысымен әскер қатарына сұранды. 1943 жылы аз ғана уақыт әскери даярлықтан өткен соң бірден қан майданға аттанды. Тұла бойы күш-қайратқа толы жас жігіт мұнда да ерлігімен, өрлігімен көзге түсті. Украинаның Львов, Ужгород, Венгрияның Будапешт, Австрияның Вена қалаларын азат етуге қатысты. Көбіне алдыңғы шепте жүрді. Оқ қағары болса керек, қиян-кескі ұрыстардан аман-есен шығатын. Тек Ужгород қаласын жаудан азат ету кезінде аяғынан ауыр жарақат алғаны болмаса. Онда да денсаулығының мықтылығынан болса керек, көп жатпады. Жиырма күннің ішінде қатарға қосылып, екінші Украина майданындағы 80-дивизияның 475-полкі құрамында ұрысқа кірді.

Ұрыс даласында да жауынгер Тәжібек ерлігімен көзге түсті. Бірде командирлер Будапешт қаласының маңындағы шабуыл алдында бір топ жауынгерді шабуыл шебін барлап қайтуға жіберді. Оның ішінде Тәкең де бар еді. Абырой болғанда, тапсырма ойдағыдай орындалып, барлаушылар екі немісті қолға түсіріп, олжалы оралды. Көп кешікпей әлгі екеуі көптеген маңызды мәліметтерді жайып салды. Міне,осы ерлігі үшін жауынгер Қарашаев алғаш рет «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бұдан басқа да оның кеудесіндегі «Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордені, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Украинаны азат еткені үшін», «Маршал Жуков» медальдары оның ерлігін айғақтаса керек. Ұлы Отан соғысының жеңісін жауынгер Вена қаласында қарсы алды. «Ол күнгі қуанышты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», – дейді Тәкең сөз арасында. Жеңіс туы желбірегеннен кейін өзгелер сияқты жас жауынгердің де елге қайтамын деген үкілі үміті болыпты. Бірақ бұлардың полкіндегі сайдың тасындай атпал азаматтарды елге қайтармай Австрия және Венгрия елдеріндегі әскер құрамдарына қосып жібереді. Солардың қатарындағы Тәжібек Қарашаев та жапон милитаристеріне қарсы соғысады. Жау шебіне жақындап қалған күндердің бірінде Жапонияның сөзсіз тізе бүккені жөнінде хабар келіп жетеді. Сөйтіп Жеңіс тойын бұлар бір емес, екі мәрте тойлаған көрінеді.

Тәжібек Қарашаев елге 1948 жылы оралады. Елде үйреншікті локомотив депосына келіп, жұмысын жалғастырады. Білімін жетілдіріп, машинистер даярлайтын арнайы курста оқиды. Бастапқыда машинистің көмекшісі, көп ұзамай машинист болады. Кейінірек те-пловоз жөндеу жөніндегі аға мастер қызметіне жоғарылатылады. Сөйтіп жүріп Ташкенттегі темір жол көлігі инженерлерін даярлайтын институтты сырттай оқып бітіреді. Бұдан кейін Тәкең өзінің еңбексүйгіштігі, білімі мен біліктілігінің арқасында қызметтік сатыларға көтеріле бастайды. Шымкент темір жол бөлімшесінде локомотив қызметінің бастығы, Шымкент локомотив депосының бастығы және басқа да басшылық қызметтер атқарады. 1982 жылы Шымкент тасымалдау бөлімшесінің қауіпсіздік техникасы секторын басқарып жүргенде зейнеткерлікке шығады. Бірақ зейнетте жүріп те ол қызметінен қол үзген жоқ. Өзіне оңтайлы қызметтерді атқарып, шәкірт тәрбиеледі. Бүгінде оның шәкірттері темір жол бөлімшелерін, ірі-ірі кәсіпорындарды басқарып жүр. Елге сыйлы, ұжымда беделді адамдар қашанда бір кәдеге жарайды емес пе?! Сол сияқты Тәкең де 1996 жылы Шымкент жол бөлімшесі жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды. Міне,осы бір аса жауапты қызметті ол 13 жыл атқарды. Тек өткен жылы денсаулығының сыр беруіне байланысты бұл қызметінен өз еркімен кетті. Онымен қызметтес болған кәсіподақ комитетінің төрайымы Майра Омарқызы Бақ-бергенова Тәжібек Қарашаевтың ардагерлердің нағыз жанашыры болғанын, олардың әлеуметтік-тұр-мыстық жағдайларын жақсартуға бар күш-жігерін жұмсағанын, мереке кездерінде денсаулығы нашарлап, үйлерінен шыға алмай қалған қарттардың үйлеріне барып, сый-сияпат жасап жүргенін өз көзіміз-бен көрдік дейді. Қарт жауынгердің, темір жол тарланының осы еңбектері ескеріліп, ол 2005 жылы Елбасының Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

Ол зайыбы Мырзай екеуі бес ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, бәріне жоғары білім алуына жағдай жасады. Ұлы Сапақ Тәжібекұлы Шымкент жол бөлімшесінде 20 жылдан астам уақыт бойы диспетчер болып қыз-мет атқарып келе жатса, қызы Сәуле Шымкент локомотив айналымы депосының белді қызметкері. Әке салған сүрлеумен балалары жүріп келе жатса, 15 немересінің арасында темір жолдан несібесін тапқысы келетіндері де бар көрінеді. Ар жағында 8 шөбересі де желкілдеп өсіп келеді. Біз соғыс және темір жол ардагеріне ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, зор денсаулық тілейміз.
Поделиться:
Популярные новости
1976 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3571 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2723 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер