Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2089 / 05.05.2010 00:00

Локомотив паркін жаңарту қажет

Сәбит ЖҰМАНИЯЗОВ
Достық бекеті локомотив депосының бастығы ЕЛ экономикасының қарқынды дамып келе жатқан кезеңінде экспорттық-импорттық жүк тасымалын жоғары деңгейге көтеріп, өткен жылды 15 млн тонна көрсеткішпен аяқтауымыз, біздер – достықтар үшін зор мәртебе. Дәл бүгінгі межеден бір сатыға да төмендемей қарыштай берсек, 2020 жылы алар асуымыздың қандай дәрежеде болатындығын көзге елестету аса қиындық тудырмасы анық. Қазақстан мен Қытай арасындағы алауыздық жойылып, қоян-қолтық еңбек етіп жатқанымызға да жиырма жылдың жүзі болыпты. Осы аралықта теміржолшылар тарапынан атқарылған еңбек өлшеусіз. Соның ішінде локомотив ұжымының өзіндік үлесі барлығына қуанамыз.
Елбасымыз алдымызға дамыған, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуды мақсат етіп қойды. Біз, теміржолшылар, сол межеге жетуге талпынып жатырмыз. Жалпы бұл рейтингті үш көрсеткіш айқындайды. Олар: базалық талаптар, тиімділік көрсеткіштері және инновациялық факторлар. Даму қарқынымызды осы орайға ойыстырсақ, біз өз тарапымыздан талап-тілектерді орындауға күш салып келеміз. Нәсібін кәсібінен тауып жатқан 222 жұмысшы, машинис-тер мен көмекші машинистеріміз және 16 маневрлік тепловоздарымыз бар. Достық, Мойынты, Балқаш, Алашаңқай, Ақтоғай учаскелері бойынша жүк және жолаушы тасымалын қамтамасыз етеміз. Алдағы уақытта американдық «Эволюшн» тепловоздарын аламыз деп үміттеніп отырмыз.
Достық станциясының жиырма жылдық тойына дайындалып жатырмыз. Жұмыс өте көп. Былтыр Аякөз, Алматы, Көктұма, Қызылордадан білімін жетілдіріп келген 15 жасты машинистің көмекшісі етіп дайындап шығардық. Жұмысшыларымыздың әлеумет-тік қамтылуын да естен шығарған емеспіз. Жыл сайын емделуге, дем алуға, әлеуметтік көмек көрсетіліп. Бурабай демалыс орнына жіберіп отырамыз. Жұмыс ауқымының ұлғаюына қарай, депоны да кеңейту көзделуде. Депоның ішіне дейін темір жол табанын өткізбекпіз. Тамыз айында жаңа әкімшілік ғимаратқа көшпекшіміз. Ғимарат іші жаңа талаптарға сай жабдықталған.
Бізде түйткілі қиын мәселе – бас-пана. Бүгінде 40 машинистің ғана үйі бар, қалған 150 машинист баспанасыз болғандықтан көбісі вахталық әдіспен жұмыс істейді. Сондықтан әрқайсысы 10 сотоктан тұратын 150 жерге рұқсат алдық. Биыл құрылысты бастаймыз деп отырмыз. Тағы бір мәселе – локомотив паркінің ескілігі. Локомотив паркін жаңалап, әсіресе жөндеу базаларын көтеру қажет деп ойлаймын. Қазір жөндеу базалары толыққанды жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймын, Тиісті орындар осы жәйттерді ескерсе екен деймін.
Поделиться:
Популярные новости
1953 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3540 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2695 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер