Автотежегішті пайдалануда тәжірибе алмасты
«Локомотив» АҚ басшылығының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 22-23 сәуір күндері Қандыағаш станциясында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі іс-шаралар жоспарын орындау барысында автотежегішті пайдалану жөніндегі тәжірибе алмасу семинары өтті.
Қандыағаш локомотив пайдалану депосында өткен семинар жұмысына Бас кеңсе өкілдерімен қатар республика аймақтарындағы барлық локомотив пайдалану деполарының машинист-нұсқаушылары қатысты.
Онда «Локомотив» АҚ-ның Батыс аймағы бойынша өкілі, шұғыл бөлімнің бастығы Марат Мұратұлы Құдабаев «Автотежегішке қызмет көрсе-ту» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндаманы талқылау барысында Қандыағаш депосының машинист-нұсқаушысы А.Қалниязов «Тежегіш жұмысы мен оның жарамсыздығы және оларды жоюға» қатысты өзінің іс-тәжірибесінде кездес-кен мәселелерге жан-жақты тоқталды. Ал қарағандылық машинист-нұсқаушы Ю.В.Дудников КОН блогына әрекет жасау жолдарын баяндап, тежегішті пайдаланудағы іс-тәжірибесімен бөлісті.
«Локомотив» АҚ локомотив бригадалары мен локомотив жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Берік Мейрамбеков семинарда көтеріліп отырған мәселелерге талдау жасаса, Қоғамның қозғалыс қауіпсіздігі бойынша бөлім ревизоры, бас маман Талғат Медиев қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында баяндама жасап, қатысушылар сұрағына жа-уап берді.
Үзілістен кейін сөз алған Ақтөбе телімі бойынша қозға-лыс қауіпсіздігі департаментінің өкілі, локомотив шаруа-шылығының аймақтық ревизоры В.В.Ерощенко өткен кезеңдердегі жұмыс бары-сындағы кейбір кедергілерге тоқталды. Ревизор локомотив тежегішін пайдалану кезіндегі машинистердің басты міндеттеріне айрықша мән беру керектігін қадап айтты. Мұнан соң «Локомотив» АҚ-ның Ақтөбе жол бөлімшесі бойынша өкілі, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизоры Болат Берманов, Жаңа Есіл локомотив пайдалану депосының машинис-нұсқаушысы А.Г.Морозов және тобылдық А.И.Голубев пен алматылық Д.И.Зинченко сөз сөйлеп, қауіпсіздіктің бұзылуын тексеру мен есепке алу, «Evolution» сериялы локомотивтің автоте-жегіші жөнінде өз ойларын ортаға салды.
Семинардың екінші күнінде тәжірибе алмасу сабақтары өткізілді. Сұрақ-жауап барысында семинарға қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныс-тарын жасады.
Төребай Кенжебай