Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2181 / 10.03.2010 00:00

Есілдік локомотившілердің есебі түгел

  Темір жол магистралінің бойымен күндіз-түні жүйткіп жатқан локомотивтер жүрісін бірнеше сағатқа немесе бірер күнге тоқтатса не болмақ деп ойлайсың кейде. Онда ел экономикасының талмаусырап, әлеуметтік жағдайдың күрт құлдырайтыны анық. Экономикалық дамудағы күретамырдың қан айналымын жасайтын локомотивтердің мемлекет өміріндегі алатын орны айрықша деуіміз сондықтан. Есіл локомотив пайдалану депосы сол үлкен құрылымның бір бөлігі.

Қостанай және Ақмола жол бөлімшелерінің шекаралық жолдарына қатар еніп, қызмет көрсететін Есіл локомотив пайдалану депосы өткен жылды табыспен қорытындылап, биылғы жылы атқарылар ауқымды істерге үлкен дайындықпен келген көрінеді. Үлкен дайындықпен деуіміздің себебі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілесі «Локомотив» АҚ-ның президенті Қадыл Секенұлы Таласпеков ағымдағы жылды локомотившілер үшін «Филиалдар жылы» деп айшықтап, бекіткен-ді. Ондағы басты мақсат – филиалдардың көптен бері жиналып қалған ішкі мәселелерінің түйіткілдерін ағытып, локомотивтердің жөндеуге қойылуын реттеп, пайдалануын жүйелеу, сондай-ақ, бригадалардың жұмысын дұрыс және тиімді ұйымдастырып, демалыстарын көңілдегідей өткізуіне қолайлы жағдай жасау көзделген. Бұлармен қатар, өндірістік емес шығындарды барынша кемітіп, еңбек өнімділігін мүмкіндігінше еселеп арттырудың жолдарын іздеп табу негізгі міндетке айналып отыр.

Есіл локомотив пайдалану депосында қазіргі уақытта 657 адам еңбек етеді. Оның 534-і машинистер және олардың көмекшілері. Жалпы ұзындығы 900 шақырымнан асатын темір жолдарда қызмет ететін ұжымның әрбір маманы өз міндетін толық білумен қатар, атқарып жатқан жұмысы арқылы елімізге қаншалықты пайда әкелетінін жете түсінеді. Ел алдындағы парызын терең ұғынған адам ғана қоғамдағы өз орны-ның маңызына аса жауапкершілікпен қарай алса керек. Содан да болар, өткен жылғы Күзгі комиссиялық тексерулердің нәтижесінде, тынымсыз тыңғылықты істерінің арқасында есілдік локомотившілер үшінші топтағы деполар арасында бірінші орынды алды. Комиссия байқауында локомотив бригадалары айрықша ілтипатқа ие болды. Олардың локомотив кабиналарын қысқы маусымға әзірлеген үлгілері комиссия мүшелерінің көңілінен шықты. Сондай-ақ, локомотивтердің тазалығы, тиісті құрылғыларының жұмысы да ойдағыдай болды. Ұжым өткен жылғы тасымал жос-парын 101 пайызға орындап шыққан.

Сөз арқауына айналған депода локомотив бригадаларының техникалық білім-білігін үнемі және үздіксіз шыңдап, жетілдіріп отыру дәстүрі берік орнаған. Техникалық дәрістерді ойдағыдай ұйымдастыру үшін кабинетте керекті құрал-жабдықтардың барлығы дерлік қарастырылып, оқыту сабақтары машинистер мен көмекшілерне жұмыстан бос уақытында өткізіледі. Локомотив бригадаларының техникалық білімін көтеріп, тәжірибеде дұрыс қолдануына аса мән берілген. Сондықтан оларға ұстаз болып ең білімді және тәжірибесі мол машинист-нұсқаушылар В.Д.Стеблян мен А.В.Климентаев бекітілген. Бұл екі саңлақ бригадаларға бар білгенін ыждағатпен оқытумен қатар, жұмысшыларды түгел қамту үшін бір дәрісті бірнеше рет қайталап өткізуді дәстүрге айналдырған. Дәрісте негізінен техникалық әдебиеттер мен маңызды құжаттар, сондай-ақ ақпараттық материалдар пайдаланылады екен. Өткен 2008–2009 жылдары 35 локомотив бригадасы жаңғыртылып, жаңартылған ВЛ80т/к сериялы электровоздарда жұмыс істеуі үшін қайта оқытылып, арнайы дайындықтан өтіпті. Бұл пайдалы істі жүзеге асыру барысында кәсіпорынның қалыпты жұмыс ырғағына ешқандай нұқсан келмегенін атап айтқанымыз жөн.

Ұжымда байырғы қалыптасқан дәстүрге орай машинистер мен олардың көмекшілеріне айрықша көңіл бөлінеді. Мерзім сайын локомотившілердің әлеуметтік жағдайына назар аударылып, қажетті жағдайда материалдық және рухани көмек көрсетіліп тұрады. Олардың отбасыларымен кездесуді жиі өткізіп, түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Жас машинистер мен көмекшілерге қосымша техникалық дәрістер оқытылып, білікті машинис-термен әңгімелестіріп отыру шарасы кәдімгі әдетке айналғаны қашан. Есіл локомотив пайдалану депосында білгені көп көне көз зейнеткер машинистер де бұрынғы ұжымына жиі келіп, жастарға ақыл-кеңес беруден жалыққан емес. Сондай-ақ, бүгінгі егде машинистердің арасында да ел теміржолшыларына есімі белгілі ондаған азаматты атап өтуге болады. Олар – П.М.Кормильцев, В.И.Зайцев, Б.Б.Елеусізов, С.М.Тка-чук, В.Н.Алексеев, С.Н.Самахвалов, В.А.Шавырин, А.Ф.Бандарчук, В.И.Во-лоха, В.В.Ильюша және И.Н.Вахитов сықылды машинистер. Бүгінде бұл машинистердің дайындаған ондаған шәкірттері өздерінің өкшесін басып, еңбек майданында жаңа қырынан танылып жүр. Бір қатары, өткен жылдың атау-лы мерекелерінде сый-құрметтерден де құралақан қалған жоқ.

Әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамай өткен жылды табысты аяқтаумен қатар, өз аумағында бірде-бір ақауға немесе кемшілікке, сондай-ақ өндірістік жарақатқа жол бермей еңбек еткен есілдік локомотившілер ағымдағы жылдың міндеттерін де абыроймен атқарып шығары сөзсіз.
Нұрбай Елмұратов
Поделиться:
Популярные новости
1999 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3596 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2746 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер