Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2405 / 02.03.2010 00:00

Сейілхан МӘУЛЕНҚҰЛОВ,Қостанай локомотив пайдалану депосының директоры: Тасымал жұмыстары толассыз жүргізіледі


"Қазақстан темір жолы" ҰК» АҚ-ның бас ғимаратында өткен локомотившілердің кеңейтілген кеңесінде Қостанай локомотив пайдалану депосының директоры, «Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері Сейілхан Әметханұлымен жолығысып, ұжым еңбеккерлерінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы бірер сауал қойғанбыз.

- Қостанай локомотив пайдалану депосы – «Локомотив» акционерлік қоғамына қарасты мекемелердің бірі-нен саналады. Бүгінгі таңдағы мақсат-міндеттеріңіз жайлы айтып берсеңіз.

– Филиалдың негізгі мақсаты – тасымал үдерісіндегі тапсырыстарды үздіксіз, қауіпсіз жеткізуді, магистральді және маневрлық қозғалыстағы локо-мотивтердің тартымдық қызметін мінсіз атқаруды жүзеге асыру болып табылады. Депо локомотивтерінің жолаушылар қозғалысындағы көрсетер қызметі Қостанай–Жаңа Есіл, Қостанай–Тобыл, Қостанай–Троицк, Тобыл–Жітіқара, То-был–Әйтеке-би, ал жүк қозғалысында Тобыл–Жітіқара, Тобыл–Арқа, Қостанай–Жаңа Есіл, Қостанай–Қайрақ, Қостанай–Железорудный, Тобыл–Железорудный, Тобыл–Арқа станцияларын қамтып, белгіленген уақытта пойыз құрамала-рын жоғарыдағы станцияларға жеткізіп береміз. Яғни, тасымал жұмыстары толассыз жүргізіліп отырады.

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жұмыс барысында ақауға және апаттық жайларға жол бермеуді міндетімізге алып отырмыз. Локомотив паркіндегі техникалық жабдықтау жұмыстарын қалыпқа келтіру және оның көлемін арттыру жайын жақсартудамыз. Алдағы уақытта маманданған тасымалдаушы локомотив бригадаларын қамтуды, депо жұмысшыларының кәсі-би мамандығын көтеруді, ресурстар тиімділігін арттыруды, тасымалдың өзіндік құнын төмендете отырып, еңбек өнімділігін жоғарылатуды жолға қоюдамыз.

– Өткен жылы міндеттеме үдесінен шыға алдыңыздар ма? Дағдарыс дүмпуі кері әсер етпеді ме?

– Жалпы көрсеткішіміз жаман емес. Жүк тасымалындағы жоспар 6114,833 млн. тонна км. брутто болса, оны 6130,77 млн. тонна км. бруттоға немесе 100,26 пайызға орындап шықтық. Локомотивтердің пайдалану көрсеткіштеріне тоқталсақ, техникалық жылдамдық 100,1, орта тәуліктік еңбек өнімділігі мен пойыздың орта салмағы да жоспарға сай орындалды. Сонымен қатар, локомотивтің орта тәуліктік жүрісі мен тиімді жұмысы жоспардағы көрсеткішке орай тиісінше 100,8 – 100,7 пайызға орындалып отыр.

Қазірде локомотив пайдалану депосында барлығы 52 тепловоз жүк және жолаушы пойыздарының тасымалында жүрсе, 59 тепловоз сақтау базасында тұр. Сақтауда тұрған тепловоздар бүкіл Қазақстан бойынша қажеттілікті өтейтін болады. Айталық, қай жақтан тапсырыс түссе, сұраныс бойынша тепловоздар сол жаққа жіберіліп тұрады. Сақтау базасының шебері Н.В.Корякин тепловоздар санына қарай, сол түскен тапсырыс-тар бойынша жұмыс істейді. Осы жерде жақсы істерімен көзге түсіп, ел игілігі жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген мақтаулы машинистердің есімдерін айта кетейін. Көп жылдардан бері түрлі пойыз құрамдарын тартып жүрген машинистер В.П.Лебедев, В.А.Григорьев, Т.Төлегенов, олардың көмекшілері В.Солянин, Б.Енгаев, «Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері В.Саталкин, тағы басқалардың өнегелі істері өзгелерге үлгі болмақ.

– Қозғалыс қауіпсіздігі мен локомотивтерді жөндеу бағдарламасы, еңбек қорғау заңдылықтары қалай орындалуда?

– Бір сөзбен айтқанда, өткен жылы ешбір ақауға жол берілген жоқ. Қиындық келтіретіндей төтенше жағдай да кездес-кен емес. Депо бойынша кезек-кезегімен ТЭ10 және ТЭМ сериялы тепловоздарға ТО-3, ТО-6, ТО-7, ТО-8 техникалық қыз-мет көрсету жұмыстары өз уақытында жүргізілді деуге болады.

Депо бойынша көп жағдайда сапа мен үнемділікке қол жеткізу ісіне баса назар аударып отырамыз. Мысалы, пойыздарды тартым кезінде депо бойынша 120,73 мың кВт/сағат үнемделсе, жанармай жұмсауда да 4,954 тонна үнемділікке қол жеткізілді. Мұның өзі депо ұжымының әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсартуға көп септігін тигізді.

Еңбек қорғау заңдылықтарына келсек, жұмыскерлердің еңбекақысы уақытылы беріліп, олар кезекті еңбек демалыстарында арнайы жолдама арқылы емдеу-профилактикалық сауықтыру орындарына барып тұрады. Жаз мезгілінде балалары да лагерьлерде тынығады. Тиісінше жеңілдіктер алатын жандарға жағдай жасап отырамыз. Ай сайын еңбек қорғау жөніндегі инженер арнайы сабақтар өткізіп тұрады. Әсіресе, жас мамандарға, биылғы жылы бірінші рет қысты өткізуші 30 адамға (23 машинист, 7 көмекші) еңбек қорғау заңдылықтары айрықша оқытылды.

– Қауіпсіздікке қатысты шараларға соңғы кезде ерекше мән берілуде емес пе?
– Рас. Өткен жылы «Абай болыңдар, балалар!» атты үш айлық өткізілді. Сонымен қатар, қозғалыс қауіпсіздігі және еңбек қорғау заңдылығына байланысты «Еңбек қауіпсіздігі және еңбек тәртібі» атты айлық өткізілді. Ғимараттар мен құрылыстардың күзгі байқауы болып өтті. Онда еңбек қорғаудың жайы, шаруашылықтың қысқы мерзімге дайындығы тексерілді. Сондай-ақ, локомотивтердің өрт қауіпсіздігіне дайындығын тексеру және оған ұдайы әзірлік жұмыстарын жүргізу айлығы өткізілді.

– Рахмет. Еңбектеріңіз табысты болсын.
Төребай Кенжебай
Поделиться:
Популярные новости
1951 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3538 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2693 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер