Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1951 / 20.11.2017 18:16

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техникалық жарамдылығы мен қыс маусымында жұмыс істеуге дайындығы бойынша күзгі комиссиялық байқау қорытындысы шығарылды.

Күзгі комиссиялық байқау кезінде жылжымалы құрам техникалық, эстетикалық, өрткеқарсы қауіпсіздігі, санитарлық және мәдени жағдайы бойынша ескертулердің болмауына қатысты бекітілген регламентке сәйкес бағаланған. Локомотивтерді қыс маусымына дайындау барысында маусымдық жылыту, майлау түрлері ауыстырылып, эстетикалық жағдайы жақсартылған, сонымен қатар кем-кетіктер түзетілген. Дайындық сапасы жоғары және қол жеткізген көрсеткіштері көтеріңкі локомотив деполары да байқау қорытындысы бойынша назардан тыс қалмай, жүлделі орындарға ие болды. Бірінші топ локомотив деполары арасында ақтөбеліктер топ жарса, екінші орын жаңаарқалық депоға, ал үшінші орын қостанайлық локомотившілер еншісіне бұйырды. Екінші топ локомотив деполары арасында Қарағанды локомотив депосы үздік деп танылды. Ал екінші және үшінші орындарды Астана және Екібастұз локомотив пайдалану деполары өзара бөлісті. Үшінші топта Мақат локомотивтері жеңімпаз деп танылып, екінші орын мінберінен Балқаш депосы көрінді, үшінші орынды Семей локомотив пайдалану депосы місе тұтты. Тепловоздар мен электровоздардың қатал маусымға сапалы дайындығы олардың сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, төменгі температура жағдайында жүк пен жолаушылардың қауіпсіздігі және үздіксіз тасымалы сақталатынын айтады жүк тасымалын ұйымдастырушы мамандар.

railnews.kz

Поделиться:
Популярные новости
3538 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2693 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер