Адрес
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі — Қоғам) 2017 жылдың 10 қаңтарынан бастап күшіне енгізумен Қоғамның 2016 жылғы 29 желтоқсанындағы № 982-ГП бұйрығымен жарияланған 2017 жылға локомотив күші қызметтерінің бөлігінде жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау тарифтерін арттыруды қысқа мерзімге тоқтату жайлы хабарлайды.

Дәл қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 28 желтоқсанындағы «Тұрғын үй құрылысының бәсекелестігі және мемлекеттік қолдау сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заң актілеріне өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне өзгертулер және толықтырулар енгізілуін есепке ала отырып, Қоғам, қоғамдық маңызды нарық субъектісі ретінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне 2017 жылға локомотив күші қызметтерінің бөлігінде жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау тарифін арттыру мәлімдемесімен қайта хабарласқан болатын.

Бұнымен қатар, инфляция-деңгейінің аясында 2017 жылға локомотив күші қызметтерінің бөлігінде жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау тарифтерін арттыру бойынша қол жеткізілген келісімнің сақталғаны жайлы хабарлаймыз.

2017 жылдың 10 қаңтарынан бастап Қоғамның 2016 жылғы 29 желтоқсанындағы № 982-ГП бұйрығының әрекетін жою сәтіне дейін жүзеге асырылған жүктер тасымалы үшін қаражаттардың қайта есептелуі мен қайтарылуы жүзеге асырылатын болады.


Осымен 2017 жылға халықаралық өткізу пункттерінде жүктерді кедендік мағлұмдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге үлгілік шарттың бекітілгені жайлы хабарлаймыз.

Кедендік әкімшіліктендіруді жеңілдету, жүктердің орын ауыстырылуын жылдамдату және өткізудің халықаралық түйісу пункттеріндегі жүк тасымалдарының тиімділігін арттыру мақсатында барлық мүдделі тұлғалар «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-мен жүктерді кедендік мағлұмдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге шарт жасаулары қажет.

Барлық сұрақтар бойынша Кедендік қызмет және мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізу департаментінің мына анықтама телефондарына хабарласуға болады: 8(7172) 60-31-29, 60-03-29.

Үлгілік шарт


«ҚТЖ» ҰК» АҚ кедендік транзиті кедендік процедурасының мағлұмдаушысы ретінде шығуын қамтамасыз етуге қатысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 30.04.2016ж. № 32-р Қаулысымен бекітілген Кедендік басқаруды жеңілдету жөніндегі шаралар жоспарының 19 пунктін орындау мақсатында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) төмендегідей шешім қабылданды:

1. Кедендік мағлұмдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге үлгілік шарт бекітілді;

2. Кедендік мағлұмдау үшін алым сомасы бекітілді.

Жоғарыда көрсетілгенге байланысты кедендік басқаруды жеңілдету, жүктердің орын ауыстырылуын жылдамдату және өткізудің мемлекетаралық түйісу пункттерінде жүк тасымалдарының тиімділігін арттыру мақсатында барлық мүдделі тұлғаларға Қоғаммен Кедендік мағлұмдау жөніндегі қызметтерді көрсету шартын жасау керек.

Барлық сұрақтар бойынша Кедендік қызмет және Қоғамның мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізу департаментінің мына анықтама телефондарына хабарласуға болады: 8(7172) 60-31-29.

Жүктерді кедендік мағлұмдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге үлгілік шарты

24.10.2016ж. № 602-ГП Бұйрығы

24.10.2016ж. № 614-ГП Бұйрығы


Вагондар мен контейнерлердің меншік иелері мен жалға алушыларына, экспедиторлық ұйымдарға, жүк жөнелтушілеріне, жүк алушыларына және теміржол көлігі арқылы жүктерді тасымалдау үшін тартылатын өзге тұлғаларға

Кеден одағы Кеден кодексінің 48 тарауына сәйкес, халықаралық тасымалдарының (вагондар, контейнерлер) шетел көліктік құралдары тасымалдаушымен көлік құралына кедендік мағлұмдауды мелмекеттік кірістер органына (кеден органына) беру арқылы Кеден одағының кеден аумағына уақытша кіруде кедендік мағлұмдауға жатады.

Халықаралық тасымалдарының көліктік құралдары Кеден одағының кеден аумағына кеден органымен орнатылатын мерзім шегінде халықаралық тасымалдарын аяқтау немесе бастау үшін ғана енгізілуі мүмкін. Бұл ретте, уақытша кіру мерзімінің шегіндегі бағыттас тиеу жағдайында ішкі тасымалдарда шетелдік көліктік құралдарды пайдалану жіберіледі.

Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық тасымалдарының көліктік құралдарының ұзақ болуы таңдалған кеден процедурасына сәйкес тиісті ресімдеусіз жіберілмейді.

Кеден одағы Кеден кодексінің 37 тарауымен уақытша әкелімнің (рұқсаттың) кедендік процедурасы реттелген. Онда шетелдік тауар (соның ішінде көліктік құрал) Кеден одағының кеден аумағында орнатылған мерзімнің ішінде әкелім кеден бажынан, салықтардан толық немесе жартылай, төлемнен шартты босатылумен және тарифтік емес реттеу шараларын қолданусыз қолданылады. Бұл ретте, меншік құқығында, жалға алу немесе өзге заң негіздемесінде көліктік құралының құқықтарына ие тұлғамен тауарларға арналған кеден мағлұмдамасымен бірге мемлекеттік кірістер органына Кеден одағы Кеден кодексінің 181 бабымен орнатылған құжаттар мен мәліметтердің тізімі ұсынылады.

Жоғарыда айтылғанның есебімен, ақпараттық жүйеге мәліметтерді енгізу үшін уақытша әкелімнің (рұқсаттың) кеден процедурасы бойынша ресімделген халықаралық тасымалдарының бұған дейін шығарылған көліктік құралдарының уақытша кері шығарылымы (Ресей Федерациясына, Беларусь Республикасына, Армения Республикасына, Қазақстан Республикасына, Қырғыз Республикасына тиесілі вагондар мен контейнерлерден басқа), қажеттілігіне қарай, растау құжаттарын ұсынумен мемлекеттік кірістер органында уақытша әкелім мерзімін ұзарту немесе тасымалдаушыға тауарға кеден мағлұмдамасының көшірмелерін бағыттаумен уақытша әкелімнің (рұқсаттың) процедурасы бойынша тиісті кеден ресімдеуі қажеттілігі жайында хабарландырамыз.

Кеден заңнамасын бұзу, соның ішінде халықаралық тасымалдарының көліктік құралдарын беймезгіл кері шығарылуы және орнатылған кеден процедурасы бойынша тауарды мағлұмдамау айыппұл және халықаралық тасымалдаудың көліктік құралдарын тәркілеу түрінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтары туралы кодексіне сәйкес, әкімшілік жауапкершілігіне тартуы мүмкін.

Халықаралық тасымалдардағы көліктік құқралдарының уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік кірістер органының шығару мүмкіндігі туралы шешімі қабылдғанға дейін тиелген немесе бос жағдайда тасымалдарға қабылданбайтынынан қосымша хабарландырамыз.


Барлық экспедиторлық ұйымдарға

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» Акционерлік қоғамы 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап 2016 кірепұл жылына ішкіреспубликалық және халықаралық қатынастарда (экспорттық-импорттық және транзиттік) жүктер тасымалдарын ұйымдастыру шарттарын жасауға мәлімдемелерді қабылдау тоқтатылғаны жайлы ақпараттандырады.

Барлық экспедиторлық ұйымдарға

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» Акционерлік қоғамы 2017 кірепұл жылына арналған ішкіреспубликалық және халықаралық қатынастарда (экспорттық-импорттық және транзиттік) жүктер тасымалдарын ұйымдастыру шарттарын жасауға мәлімдемелерді қабылдау жайлы ақпараттандырады.

2016 жылдың 20 желтоқсанынан кейін келіп түскен мәлімдемелер 2017 жылы қарастырылатын болады.

Ішкіреспубликалық және халықаралық қатынастарда (экспорттық-импорттық және транзиттік) жүктер тасымалдарын ұйымдастыру шарттарын жасауға мәлімдеме хаты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Біріктірілген жоспарлау жөніндегі атқарушы директоры Е. Д. Платохин атына ұйымның фирмалық бланкісінде толтырылады.

Хатта шарттың атауын, нақты заңды әрі пошта мекенжайларын, бірыңғай дербес шотының нөмірін, телефондар мен факстер нөмірлерін, ұйым жетекшісінің ұялы телефонының нөмірін, электрондық пошта мекенжайы мен орыс тілінде ұйым атауын (ОП СМГС № 4 қосымшасына сәйкес) көрсету керек.

Хатқа міндетті түрде төмендегідей құжаттар қосарлануы тиіс:
1. Өтініш (№ 1 қосымша үлгісі);
2. Банкте ағымдағы шоттардың бар болуы туралы анықтама (ағымдағы күнге түпнұсқа);
3. Транзиттік шартты жасау үшін ұйым жетекшісінің қолы қойылған және мөрмен расталған айларға бөлумен алдағы кірепұл жылына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен тасымалдардың кепілді көлемдері туралы анықтамасы (№ 2 қосымша үлгісі);
4. Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі/бизнес сәйкестендіру нөмірі – БСН (заңды тұлғалар үшін);
5. Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі/жеке сәйкестендіру нөмірі – ЖСН (жеке тұлғалар үшін);
6. Құрылтайшылық құжаттардың нотариалдық расталған көшірмелері – Жарғы, БСН;
7. Құрылтайшының хаттамалық шешімінің көшірмелері, тағайындау туралы бұйрық, жетекшінің жеке куәлігі;
8. Мәлімдемеде экспедиторлық ұйымның орыс тіліндегі қысқартылған атауы, ОП СГМС № 4 қосымшасының талаптарына сәйкес тасымалдау құжаттарына енгізілетіндей, жақшаларда көрсетілуі тиіс.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» Акционерлік қоғамы қосымша құжаттарға сұрау салу құқығын өзіне қалдырады.

Құжаттар жинақтамасын мына мекенжайда орналасқан Түк тасымалдарының маркетингісі департаментінің шарт бойынша жұмыс жүргізу тобына бағыттау керек: 010000, Астана қ., Қонаев көш., 6, «А» блогі, 2810 кабинеті.

Анықтама телефондары: 60-32-43, 60-32-88, 60-30-32.


Жүк станциялары

Барлық экспедиторлық ұйымдарға
ЕЭК 17.09.2013ж. «Кеден одағының бірңығай кеден аумағына теміржол көлігімен әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын ала ақпараттандыруды енгізу туралы» № 196 шешіміне және Қазақстан Республикасының 09.10.2015ж. «Теміржол көлігі туралы» Заңының 55-1 бабына сәйкес, шекаралық станцияға тауарлар келуіне дейін 4 сағат бұрын КО экспедиторларымен, өкілетті экономикалық операторлармен, кеден өкілдерімен, жүк жөнелтушілерімен тасымалдаушыларға тауарларға қатысты мәліметтер беріледі.
нақтырақ


Барлық экспедиторлық ұйымдарға (31.08.2016ж. жарияланған)
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ 2016 жылдың 4 тоқсанынан АҚШ долларына швейцариялық франктерді қайта есептеу коэффициенті орнатылғанын хабарлайды
нақтырақ


Барлық экспедиторлық ұйымдарға (26.08.2016ж. жарияланған)
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Теміржолдар қызметтестігі ұйымы комитетінің 2016 жылдың 16 тамызындағы № ІІІ-055№ ZA/16 хатына сәйкес, 2016 жылдың 1 қазанынан бастап әрекетке енгізу күнімен Бірыңғай транзиттік тарифке өзгертулер және толықтырулар енгізілгені жайлы ақпараттандырады
нақтырақ


Барлық экспедиторлық ұйымдарға (12.08.2016ж. жарияланған)
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық теміржол транзиттік тарифіне өзгертулер және толықтырулар енгізілгені жайлы ақпараттандырады
нақтырақ


Қосымшалар


2017 жылға арналған Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық (транзиттен басқа), ішкіреспубликалық және халықаралық транзиттік қатынасында жүктер тасымалдарындағы экспедиторлық ұйымдардың тізімі

2017 жылға арналған халықаралық (транзиттен басқа) және ішкіреспубликалық қатынастарда жүктер тасымалдарындағы экспедиторлық ұйымдардың тізімі

2017 жылға арналған халықаралық (транзиттен басқа) және ішкіреспубликалық қатынастарда жүктер тасымалдарын ұйымдастыру туралы үлгілік шарты

2017 жылға арналған Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық транзиттік қатынаста жүктер тасымалдарын ұйымдастыру туралы үлгілік шарты

Последние новости

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Подробнее