Телефон доверия по противодействию коррупции: 8 (7172) 610318
КІРУ
Жаңалықтар

ҚТЖ әлеуметтік маңызды жүктерді үздіксіз тасымалдау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда 20.09.2023 20
ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және «Қазтемиртранс» АҚ басшыларының қатысуымен 2023 жылдың 8 айында көмір, астық, ұнтақ өнімдері сияқты әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдаудың қорытындылары бойынша брифинг болып өтті.
ҚТЖ: астық тасымалдау ең алдымен негізгі жоспар бойынша жүзеге асырылады 19.09.2023 23
ҚТЖ тасымалдарды жоспарлау кезінде уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген жоспарлау қағидаларын басшылыққа алады. Тасымалдау негізгі жоспар бойынша жүзеге асырылады, оны орындау және ҚТЖ желісі мен көрші елдердің инфрақұрылымдық мүмкіндіктері болған кезде қосымша жоспар беріледі. Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры Владимир Петров астық тасушылармен, салалық қауымдастықтармен кездесуде айтты.
«Батареяны тапсыр да кірпіні құтқар!» жобасы аясында 200 келіден астам пайдаланылған батарея жиналды 17.09.2023 24
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-да пайдаланылған қуат көздерін жинау бойынша «Батареяны тапсыр да кірпіні құтқар!»  акциясының қорытындысы шығарылды. Осы жылдың 8 айында жол бөлімшелерінің экологтары кәдеге жарату үшін 201 килограмнан астам пайдаланылған батареяларды жинады. Көшбасшылар үштігіне Семей (50 килограмм жиналды), Жамбыл (45 килограмм) және Қызылорда (35 килограмм) жол бөлімшелері кірді.
Теміржол көлігімен тас көмірді елордаға жөнелту бір жарым есе өсті 13.09.2023 37
2023-2024 жылдарғы жылыту маусымына дайындық кезеңінде мамыр айынан бастап теміржол көлігімен елордаға 186,6 мың тонна қатты отын жеткізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп. Жалпы алғанда 2,7 мыңнан астам вагон түсірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 63%-ке артық.
Жыл басынан бері астықты теміржол көлігімен тасымалдау 29% өсті 10.09.2023 45
Ағымдағы жылдың 8 айында ҚТЖ желісі бойынша 7,4 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткішіне қарағанда 29% -ке артық. Астық экспорты 40% өсіп, 6,3 млн тоннаны құрады. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау 16,5%, яғни 1,9 млн тоннаға дейін өсті. Экспортқа 1,5 млн тонна жөнелтілді, өсім 30,2% құрады.
Шамамен 29 млн тонна жүк теміржол көлігімен тасымалдаудың негізгі жоспарында көрсетілген 06.09.2023 41
Ағымдағы жылдың қыркүйегіне ҚТЖ желісі бойынша 29 млн тоннаға жуық жүк тасымалдауға негізгі жоспар жарияланды. Бұл ретте, тамыз айында 26 млн тоннадан астам тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 8% -ке жоғары. Біркелкі тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Ұлттық тасымалдаушы жүк жөнелтушілерді тасымалдауды нақты жоспарлауға шақырады.
Жылдық жоспардан теміржолдардың 70% астамы жөнделді 06.09.2023 45
Биыл жол жөндеу науқаны басталғаннан бері ҚТЖ желісінде 820 км  астам теміржол төсемі жаңартылды, бұл жылдық көлемнің 73% құрайды. 430 астам бағыттамалық бұрма ауыстырылды.
Осы жылдың тамыз айында теміржол көлігімен астық тасымалы 2 есеге өсті 05.09.2023 38
Ағымдағы жылдың тамыз айында ҚТЖ желісі бойынша 1 млн тоннадан астам астық тиелді, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 2 есе жоғары. Маркетингтік жыл ішінде 2022 жылдың қыркүйегі мен 2023 жылдың тамызы аралығында шамамен 12 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен маусымға қарағанда 20% жоғары. Астық экспорты 25%, яғни 10 млн тоннаға дейін өсті.
ҚТЖ өкілдері солтүстік өңір астық экспорттаушыларымен кездесулер өткізді 03.09.2023 32
Көкшетау және Петропавл қалаларында биылғы егін астығын тасымалдауды ұйымдастыру бойынша кеңестер өтті. Іс-шараға «Атамекен» ҰКП, «Астық Транс» АҚ өкілдері, астық өнімдерін экспорттаушылар мен трейдерлер қатысты.
Осы жылдың тамыз айында теміржол көлігімен астық тасымалы 2 есеге өсті 03.09.2023 41
Ағымдағы жылдың тамыз айында ҚТЖ желісі бойынша 1 млн тоннадан астам астық тиелді, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 2 есе жоғары. Маркетингтік жыл ішінде 2022 жылдың қыркүйегі мен 2023 жылдың тамызы аралығында шамамен 12 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен маусымға қарағанда 20% жоғары. Астық экспорты 25%, яғни 10 млн тоннаға дейін өсті.
Ақтау теңіз порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеу 24% артты 03.09.2023 42
2023 жылдың 7 айында Ақтау теңіз сауда порты арқылы 2,6 млн тоннадан астам құрғақ және мұнайлы құйылмалы жүктері ауыстырып тиелсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі деңгейінен 24% жоғары.
ҚТЖ-да «Балаларды мектепке жинайық!» акциясы болып өтті 31.08.2023 43
Биыл акция аясында 1,9 мың бала көмекпен қамтылды. ҚТЖ жобасы «Қазпрофтранс» ҚБ-мен бірлесіп жүзеге асырылуда. Акцияның басты мақсаты – шалғайдағы станциялар мен разъездерде тұратын және үш және одан да көп оқушыларды тәрбиелеп отырған қызметкерлерге балаларды оқу жылына дайындауға көмектесу. Еріктілер оқу үшін барлық қажетті мектеп жинақтарын жинап, еліміздің өңірлеріндегі отбасыларға тапсырды. Мектеп жиынтығына 19 атау кіреді.
ҚТЖ тасымалдау көлемінің 40% астамын көмір алады 23.08.2023 59
2023 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша ел ішінде теміржол көлігімен 145,9 млн тонна жүк тасымалданды. Оның ішінде 60 млн тоннадан астамы тас көмір, бұл ҚТЖ желісі бойынша тасымалдаудың жалпы көлемінің 40% құрайды. Қазақстандықтар үшін 41,7 млн тонна көмір жеткізілсе, ал экспортқа – 18,3 млн тонна.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де Орал көлік прокуратурасының анықтаған бұзушылықтарын жою бойынша шаралар қабылданды 21.08.2023 50
07.03.2023 ж. Орал көлік прокуратурасы (бұдан әрі – ОКП) ҚР БКП тапсырмасын орындау үшін «ҚТЖ – ЖТ»  ЖШС атына 2020-2022 жылдарғы және 2023 жылдың өткен кезеңінде заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс (бұдан әрі – Ұсыныс) енгізді.
Контейнерлерде астық тасымалдау 2,5 есе өсті 21.08.2023 47
2023 жылғы 17 тамызда Қостанай қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері өңірдің жүк жөнелтушілерімен кездесу өткізді. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Н. Келбұғановтың төрағалығымен биылғы  егінді жинау қарсаңында астық пен ұнтақ өнімдерін тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
«Самұрық-Қазына» 15 жылдығына арналған VIII Спартакиада қорытындысында «ҚазМұнайГаз» командасы жеңіске жетті 20.08.2023 50
Елордадағы «Самұрық-Қазына» АҚ 15 жылдығына орай Қор компаниялар тобы қызметкерлері арасында ұйымдастырылған VIII Спартакиада өз мәресіне жетті. Тартысты тартыстардың нәтижесінде жалпыкомандалық есепте өткен жылғыдай Суперкубокты «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ командасы иеленді.
Магистральдық желіде жолды ауқымды жөндеу жалғасуда 17.08.2023 39
Ағымдағы жылдың 21-27 тамызы аралығында теміржол инфрақұрылымын күрделі және ағымдағы жөндеу үшін ұзақтығы 4,1 мың сағаттан асатын 919 астам технологиялық «толаскездер» жүргізу жоспарланған. Бір «толаскездің» ұзақтығы – жоспарланған жұмыс көлеміне байланысты бір сағаттан 6 сағатқа дейін.
«Самұрық-Қазына» АҚ-да «Жеті қадам» жас көшбасшыларды дамыту бағдарламасының қорытындысы шығарылды 16.08.2023 130
«Самұрық-Қазына» қорында 2023 жылғы 16 тамызда «Жеті қадам» жас көшбасшыларды дамытудың модульдік бағдарламасының қорытындысы шығарылды. Топ компанияларының мамандарынан құралған командалар жеті ай бойы жобаларды қорғауға дайындалды. Соңғы кезеңнің қазылар алқасына Директорлар кеңесінің мүшелері мен Қордың портфельдік компанияларының басшылары кірді.
ҚТЖ-да алғашқы HR-Хакатон өтті 15.08.2023 52
Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерін оқыту және дамыту орталығында өңірлік және желілік деңгейдегі HR қызметтерінің басшылары үшін «Ортақ мәселе - ортақ шешім!» – алғашқы HR Хакатон болып өтті.
ҚТЖ-мен ЖЭО үшін үш айда 16 млн тоннадан астам көмір жеткізілді 15.08.2023 114
2023-2024 жылдарғы жылыту маусымына дайындық кезеңінде мамыр айынан бастап ҚТЖ еліміздің жылу электр орталықтарына 16,3 млн. тонна көмір жеткізсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 250 мың тоннаға артық.

1 - 20 из 555
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец