Телефон доверия по противодействию коррупции: 8 (7172) 610318
КІРУ
Басшылық

Мақсұтов Асқар Бақытұлы

Мақсұтов Асқар Бақытұлы

Экономика және қаржы жөніндегі Вице-президент

1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Экономика және менеджмент мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған.

1997 жылдан 2000 жылға дейін Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде жұмыс істеді.

Темір жолдағы еңбек жолын 2002 жылы бастады. "Теміржолсужылужабдықтау" ААҚ-ның вице-президенті, «Теміржолжылу» АҚ-ның экономика жөніндегі вице-президенті, «Локомотив» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі департаментінің директоры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының экономика және қаржы жөніндегі департаменті директорының орынбасары, «ҚТЖ »ҰК» АҚ-ның экономика департаментінің директоры, «Локомотив» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті және «Қазтеміртранс» АҚ-ның қаржы жөніндегі вице-президенті лауазымдарын атқарды.

2018 жылдың 17 сәуірінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Басқармасы Төрағасының Бұйрығымен экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.


Сауырбаев Қайрат Әбенұлы

Сауырбаев Қайрат Әбенұлы

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы, Бас директорының міндетін атқарушы

Алматы теміржол көлігі инженерлері институтының "Теміржол көлігіндегі тасымалдау процесін басқару" мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1984 жылы Целина теміржолының Целиноград бөлімшесіндегі жүк операцияларын жүзеге асыру бөлімінде кезекші қызметінен бастады. Әскерден келген кейін теміржолға қайтып келіп 1986 жылдан 1992 жылға дейін жолсерік, машинистің көмекшісі, поездің диспечері болып жұмыс істеді.

1992 жылдан бастап "Қазақстан темір жолы"ҰК"АҚ-да әртүрлі басшылық қызметтерінде жұмыс атқарды. Бас инженер, Ақмола тасымалдау бөлімшесіндегі техникалық жұмыс бойынша бөлім бастығының орынбасары, "Тасымалдауды басқару орталығы" - "Қазақстан темір жолы"ҰК"АҚ филиалының тасымалдау процесінің үйлестіру басқармасының бастығы, - "ҚТЖ"ҰК"АҚ-ның Тасымалдау басқармасының тасымалдау процесінің үйлестіру басқармасының бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

2008 жылдан "Павлодарлық жол бөлімшесі" - "ҚТЖ"ҰК"АҚ филиалының директоры, " Магистралдық торап басқармасы" - "ҚТЖ"ҰК"АҚ филиалының директоры және басқарушы директор қызметін атқарды.

«Қазақстан темір жолына 110 жыл», "Достық - Алашанькоу темір жолдарының түйіскеніне 20 жыл", "Біртұтас Қазақ темір жолына 50 жыл" төс белгілерімен, «Құрметті теміржолшы» белгісімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

2015 жылдың шілдесінен 2016 жылдың мамырына дейін «Қазтеміртранс» АҚ-ын, 2016 жылдың мамырынан шілдесіне дейін "Қазақстан темір жолы"ҰК"АҚ-ның Тасымалдау процесінің басқармасын басқарды.

2016 жылдың 1 шілдесінен 2017 жылдың 4 маусымына дейін «ҚТЖ – Жүк тасымалдау» АҚ-ның операциялық қызмет бойынша Вице-президенті қызметін атқарды.

2017 жылдың 5 маусымынан бастап «Қазтеміртранс» АҚ-ның Басқарма Төрағасы (Президенті) қызметін атқарды.



Махамбет Мұхтар Наурызбайұлы

Махамбет Мұхтар Наурызбайұлы

«ҚТЖ» ҰК» АҚ маркетинг және кешенді тасымалдауды жоспарлау жөніндегі бас директордың орынбасары міндетін атқарушы

Мұхтар Наурызбайұлы Алматы теміржол көлігі инженерлері институты «Темір жолды пайдалану» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1983 жылы Целиноград Целинная теміржол вокзалының жүк ауласының трассасында кезекші офицер ретінде бастаған. Целинная темір жолының инженер-технологы, сектор басшысы, жол зертханасының меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Көп жылдар бойы Ақмола теміржолында жүк және коммерциялық жұмыс басшысының орынбасары болып жұмыс істеді, «Корпоративтік көлік қызметтері орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола филиалының директорының орынбасары, «Қазақстан темір жолы» Ақмола филиалының жүк және коммерциялық жұмыстары бөлімінің бастығының бірінші орынбасары. «Қазақстан Темір Жолы» көлік бөлімінің жүк тасымалдау және түсіру департаменті бастығының орынбасары, «Қазақстан темір жолы» АҚ операциялық басқармасының бастығы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ көлік дирекциясының басшысының орынбасары, жүк тасымалдау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарады. Тағайындалғанға дейін «Адильбек» АҚ бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған, «Адал ыңбеги үшін» медалімен марапатталған.


Шәкенов Марат Арапбекұлы

Шәкенов Марат Арапбекұлы

Техникалық саясат жөніндегі Вице-президент

1964 жылы өмірге келген. «Локомотивтер» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік көлік және коммуникация академиясын аяқтаған.

Еңбек жолы 1982 жылы Алматы теміржолы жанындағы Аягөз станциясының локомотив депосында тепловоз машинисінің көмекшісінен басталған. Отан алдындағы міндетін атқарып келгеннен кейін, өзінің ұжымына оралып, 1994 жылы локомотив бригадаларының машинис-нұсқаушысы болып тағайындалған. 1995 жылы Шар локомотив депосы бастығының орынбасары лауазымына ауыстырылған. Әр жылдары «Қазақстан темір жолы» РМК Семей теміржолында, Аягөз пайдаланушылық локомотив депосында еңбек еткен. 2002 және 2013 жылдар аралығында «Локомотив» АҚ филиалы — «Аягөз пайдаланушылық локомотив депосында» жетекшілік еткен. 2013 жылдан бастап «Локомотив» АҚ-да жұмыс істеп, 2015 жылы онда басшылық ете бастаған.

2016 жылдың 1 шілдесі мен 2017 жылдың 10 қаңтары аралығында — Жылжымалы құрам жөніндегі Вице-президенттің міндеттерін атқарды.

2017 жылдың 11 қаңтарынан бастап Техникалық саясат жөніндегі Вице-президенттің міндеттерін атқарушысы болып тағайындалды.

«Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған.


Исмұхамбетов Әділжан Әбілқайырұлы

Исмұхамбетов Әділжан Әбілқайырұлы

 корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі Вице-президент

1980 жылы дүниеге келген. 2002 жылы қазақ еңбек және әлеуметтік қарым-қатынастар академиясының бакалавриатын, ал 2004 жылы — «Құқықтану» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін аяқтаған.

Еңбек жолы 2000 жылы заңгер көмекшісінен басталған. 2003 және 2007 жылдар аралығында «Транстелеком» АҚ Заң басқармасының бас маманы, кейін бастығы қызметтерінде болған.

2008 және 2012 жылдарда «Қазтеміртранс» АҚ-да жұмыс атқарған.

2012 және 2016 жылдар аралығында — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінде жетекшілік еткен.

2016 жылдың 1 шілдесінен бастап, «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ Даму және корпоративтік басқару жөніндегі Вице-президенттің міндеттерін атқаруға кірісіп отыр.


Костыря Иван Иванович

Костыря Иван Иванович

Техникалық саясат бойынша Вице-президенттің м.а.

1967 жылы туылған. Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Локомотивтер» мамандығы бойынша аяқтады. Темір жолға 1984 жылы келді. Целинная теміржолының Қарағанды-Сортировочная станциясының жөндеу бойынша темір ұстасы, жүргізушісі көмекшісі, локомотив жүргізушісі, локомотив депосының машинист-нұсқаушысы болып жұмыс істеді.

Әртүрлі жылдары локомотив шаруашылығы департаментінің, қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің қозғалыс қауіпсіздігі бойынша тексерушісі, «Локомотив» АҚ вице-президенті, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жол қозғалысының қауіпсіздігі, тәуекелдерді басқару және өндірістік қауіпсіздік бойынша департаменттердің басшысы, бастығы болып жұмыс істеді.

«Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төс белгісімен, «ҚТЖ» ҰК»АҚ Президентінің иесі атаулы сағатпен, «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды.