Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат
2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жол...
Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды. Елордамыздағы «Астана эксплутациялық локомотив депосында» Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің қатысуымен кездесу болып өтті. Бұл шараның өтуіне депоның жұмысшылары мұрындық болған. Кездесу барысында Анна Диденко, Анисий Рогин және Антон Недашковский секілді ардагерлер болып, депо жұмысшыларына Ұлы Отан соғысы туралы естеліктер айтып берді.
Олардың бақытты балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келді. Жас деп ешкім қараған жоқ. Ел қатарлы иығына ауыр жүк артылып, майданға аттанады. Бірі қару көтеріп соғысқа аттанса, енді біреулері күрек-кетпен арқалап, тылға қара жұмысқа жегілді. Соғыс біткен соң да елдің әлеуетін көтеру жұмыстары осы тыл ардагерлеріне жүктелді. Анна Диденко да сондай тыл ардагерлерінің бірі. Мамырдың 5-і күні тұп-тура 88 жасқа толған тыл ардагері соғыс кезінде депода қара жұмыстар атқарып, «Ақмола локомотив депосында» качегар болып қызмет атқарған. «Тағдырымыз өте ауыр болды. Бірақ соған қарамастан, тынбай еңбек еттік. Талмай еңбек арқылы ғана жеңіске жете алатынымызды жақсы түсіндік. Маған сол кезде өте құпия әрі ауыр тапсырмалар жүктелетін еді. Бір жолы іші-сырты түгел брезентпен құрсауланған жүк пойызын Орск қаласына дейін жеткізу жұмысы жүктелді. Сол кезде НКВД-ның өкілдері бізден «пойызды тиісті жеріне ешқандай шығынсыз, уақтылы жеткізу» туралы жеке-жеке қолхат алды. Бір жолы, жүк пойызын жеткізу жүктелді. Онда өте маңызды жүк тиелгенін сездік. Өйткені оны жоғары шенді адамдар алып бара жатты. Онда балалар ойыншығы болмағаны белгілі. Әрбір іс-әрекетімізді бақылап отырды», – деп еске алады Анна Диденко.
Кездесу барысында депо директорының орынбасары Анатолий Пивень ардагерлерді мерекесімен құттықтап, оларға ұзақ өмір тіледі. Оның айтуынша, бүгінгі таңда «Локомотив» есебінде Ұлы отан соғысының 133 ардагері бар екен. Олардың барлығына да кәсіпорын есебінен материалдық көмек көрсетілген.
Автор: Бүркіт НҰРАСЫЛ
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...
Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...
Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...