Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
3538 / 30.05.2012 00:00

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН

Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да өсуде. Әрбір оқиғаның артында үңілетін болсақ шынайы трагедия, драма жатыр. Бұл трагедиялық статистикада, әсіресе балалардың болуы жанға қатты батады.

– Жыл сайын каникул жақындаған кезде біз барлық қызметкерлерді қырағы болуға және теміржол бойында тұратын тұрғындарды сақтық шараларына қатта көңіл бөлуге шақырамыз, - дейді «Локомотив» АҚ вице-президенті Жамалхан Танкеев. – Маңайда тұратын балаларды теміржол өзіне магнит сияқты тартады. Бос уақыттарында ересектердің қарауынсыз қалған балалардың алаңсыздығы көбінесе орны толмас қайғыға соқтырады. Кейбір кездерде ересек адамдардың өздері теміржолды рұқсат етілмейтін жерлерден жүгіріп, кесіп өтіп немесе шойын жолдың үстінде серуендеу арқылы балаларға үлгі көрсетеді. Бұған қатаң тыйым салынады. «Локомотив» АҚ 2011 жылы тіркелген 203 оқыс жағдайдың (соның ішінде 106-сы адам қағу) материалдарын қайталап қарап отырсақ, қайғылы оқиғаның басым көпшілігіне зардап шеккендердің өздері себеп болған, деген тұжырым жасауға болады. Бұл ел аман, жұрт тыныш, бейбіт кездегі трагедия. Өйткені статистика бойынша, адамдарды басып кету оқиғаларының жартысынан көбі адам шығынына соқтырған. Былтырғы жылы республика бойынша осындай 58 оқиға тіркелді. Қалған 48 оқыс оқиға кезінде зардап шеккендер әртүрлі деңгейдегі жарақаттар алғанмен, өздері аман қалды. Дегенмен олардың ішіндегі көпшілігі өмір бойы мүгедек болып қалды. Тіркелген апатты оқиғалардың жалпы саны бойынша жеті жағдайда балалар зардап шекті. Солардың ішінде екі бала қаза тапты, қалған жағдайларда да теміржол бойында зардап шеккен балалар ауыр жарақаттар алды. Осылайша зардап шеккендер көбінесе өздерінің алаңсыздығынан ағып келе жатқан пойыздың жолын кесіп өткені немесе теміржолдың үстінде серуендегісі келгені үшін өте қатал жазаға ұшырайды. Адам пойыз қаққан кез келген жағдайда, әсіресе баланы қағып кеткенде, зардап шегушінің жағдай қандай болмасын және қай жақ кінәлі болмасын – бұл осы оқиғаға қатысқан барлық адамдар үшін моральдық жағынан өте ауыр тиетін соққы. Осындай әрбір оқиға біз үшін үлкен трагедия.

Шын мәнінде теміржол бойындағы апаттарға жаяу жүргіншілердің немесе автокөлік жүргізушілердің ешқандай қатысы болмауы керек қой. Салмағы жүздеген тонна бірнеше вагонды сүйреп келе жатқан отарбаның жолы қашанда ашық болуы тиіс. Өйткені машинист жолында адам тұрғанын көрген күннің өзінде ауыр салмақты кілт тоқтата алмайды. Мұны әрбір адамның білуі тиіс және балаларға да айтып түсіндіруі қажет. Бұрынғы заманның адамдары пойыз тұрмақ жүк көлігіне алыстан келе жатқанда-ақ жол беріп, жолдың шетінен алыстап тұратын. Қазіргі техниканың көбейген заманында адамдар Жол ережелерін сақтау тұрмақ, көшедегі көлікке жол бермейтін болды. соның нәтижесінде жол-көлік оқиғаларына жаяу жүргіншілердің себеп болу фактілері көбейді. Бұл әрине, көбінесе жаяу жүргіншілердің әртүрлі жарақаттар алуымен немесе өмірімен қоштасатын жағдайларға әкеліп соқтыруда.

Қандай да болмасын кәсіптік салалардағы сияқты теміржолшыларда да өз араларында қолданатын терминдер бар. Қазіргідей жол апаттарына қатысты трагедияның көбейген тұсында теміржолшылар арасында «Өндіріске қатысы жоқ төтенше жағдай» деген кәсіби термин пайда болды. Бұл өндірістік емес жарақат, тіпті жол апатынан немесе басқа да теміржол көліктерінде болатын оқиғалар кезінде алатын жарақаттар да емес. Бұл дегеніміз – теміржолшылар алдын ала алмайтын қайғылы оқиғалардың бір түрі болып саналатын, азаматтардың пойыз жолының үстіне шығып кетуінен туындайтын трагедия. Теміржол қызметкерлері Алтайдан Атырауға дейінгі созылып, 15 мың шақырымды алып жатқан республикамыздағы шойын жолдың әрбір шақырымына күзет немесе техника қауіпсіздігі жөніндегі маманды қою мүмкін емес. Сондықтан адамдардың бұл қауіптен өмірлерін өздері сақтауға тиіс.

– Біздің міндетімізге жол бойында адамдарды басып кетпеу жөніндегі барлық теміржолшылардың жұмысына арналған біртектес ескертулер кіреді. Олар: белгіленген жерлердегі ескертулер мен көрсеткіш белгілерді, теміржол өткелдеріндегі ақпараттарды жаңартып отыру, - дейді Жамалхан Танкеев, - біз теміржол өткелдері мен адамдардың пойыз астына жиі түсетін жерлерге үнемі сараптамалар, зерттеулер жасаймыз. Міндетті түрде рейске шығатын локомотив бригадаларына олардың тізімін жасап, түсініктемелерді бөлмелеріне іліп қоямыз. Бұл машинистердің қырағылығын күшейтеді. Сондай-ақ, алдын алу шаралардың бірі – қауіпті учаскелерден өткен кезде тәуліктің мезгіліне қарамастан шамын жағып өту жөнінде локомотив бригадирлеріне талап қойылған. төрт айда бір рет локомотив бригадирлерімен жоспарлау кеңесін, техникалық сабақтарын өткізу біздің міндетіміз. Онда локомотив бригадалары тарапынан жіберілген қателіктер, басқа да фактілер сарапталып ортаға салынады. Қабылданған шаралар мен қолданған жазалар баяндалады. Жергілікті халық арасында ақпараттық және түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізіледі. Осының барлығы проблеманы шешуге ықпалын тигізеді. Алайда, бұл мәселе бойынша халықты сақ болуға шақырып, жауапкершілігін көтермейінше біздің істеген жұмыстарымыздың барлығы далаға кеткені.

Теміржол бойындағы қайғылы жағдайлардан сақ болуға шақыру, ескерту жұмыстары өндіріске байланысты емес оқиғалардың азаюына ықпал етпегенін «Локомотив» АҚ мойындап отыр. Өмірлерін қатерге тігіп, пойыз жолынан ерсілі-қарсылы жүгірушілердің саны азаймай тұр. Теміржолшылар тарапынан ұдайы жүргізіліп жатқан қауіпсіздік шараларына қарамастан зардап шегуішілердің саны жылдан жылға арта түсуде. Мәселен, «Локомотив» акционерлік қоғамы 2010 жылы 187 фактіні тіркесе, 2011 жылы мұндай жағдай 16 оқиғаға көбейіпті. Жыл сайын республикамызда пойыздың астына түсіп жүзден астам адам зардап шегеді екен. «Локомотив» АҚ республика бойынша тіркелетін апатты жағдайларды жақсы біледі. Өйткені компанияның құрамына Қазақстанның барлық аймақтарына тең орналасқан 29 пайдаланушы локомотивтік депо кіреді. Пойыздың астына тек адамдар ғана түспейді, темір жолдың үстіне маңайда жайылып жүрген малдар, үй жануарлары, тура теміржол құрамы келіп қалғанда жанталасып өтіп кетпекші болатын автокөліктер де көптеп соғылады. Темір жолдың үстінде неше түрлі заттар жатады, бұл да үлкен қауіп туғызады. Әсіресе жүрдек пойыздар жүретін Астана-Алматы арасын жалғастырып жатқан жолдың үстінде әлдекімдердің тастап кеткен заттары адам шығына соқтырмаса да, теміржол көліктерінің қозғалысына көп кедергі жасайды. Былтырғы жылы осындай оқиғалардың 97-сі тіркелген.

«Локомотив» АҚ вице-президенті Жамалхан Танкеевтің айтуынша, пойыздың астына түсіп жарақат алған немесе қаза тапқандардың саны бойынша жоғарғы көрсеткіш оңтүстік аймақтарда екен. Атап айтқанда, Алматы, Жамбыл және Шымкент теміржол бөлімдерінде былтырғы жылы 78 жағдай орын алып, 45 адам зардап шеккен. Сондай-ақ, Қарағанды облысында, Защита, Қызылорда, Орал және Ақтөбе теміржол бөлімдерінде жарақат алғандардың саны көп. Ал биылғы жылдың көрсеткіштеріне қарағанда ескертулер мен түсіндірме жұмыстарын жергілікті халық мүлде естігісі келмейтін сияқты, деген ой тұжырымдауға болады. Жыл басынан бергі төрт-ақ айдың ішінде теміржол бойында 59 адам қағып кету фактісі тіркелген. Соның ішінде 23 жағдайда адам қазасы болған.

– Қазір балалардың жазғы каникулға шығатын кезде теміржолшылар тұрғындарды сақ болуға шақырамыз. Қауіпсіздік ережелерін бұзбаңыздар және жолда жүргенде балаларыңызды үнемі назарыңызда ұстап, сақ болыңыздар, деп ескертеміз. Біз қазақ және орыс тілдерінде арнайы роликтер жасадық, қазір олар көрермендердің барлығы көгілдір экранның алдында отыратын мезгілде «Қазақстан» және «Астана» телеарналарынан көрсетіліп жатыр. біздің мамандар оқу жылы аяқталғанша теміржол бойында орналасқан елді мекендердегі барлық мектептерді, басқа да білім беру мекемелерін аралап, балалармен «Темір жол – жоғарғы қауіптілік аумағы» деген тақырыпта әңгімелер өткізді. Сондай-ақ, жергілікті радиостанциялар мен телеарналардан тұрақты негізде хабарлар ұйымдастырылып жатыр. Біз жергілікті, аудандық, облыстық газеттерге мақалалар жазып, азаматтарды қауіптілігі жоғары жол учаскелерінен өткенде сақ болуға шақырудамыз. Тұрғындар біздің ескертулерімізге құлақ асып, алдағы уақыттарда теміржол бойында жүргенде сақ болатын шығар деген үміттеміз. Бұл жерде әңгіме олардың өздерінің және балаларының өмірі жайлы болып отырғанын түсінетін шығар.  

Поделиться:
Популярные новости
1953 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

2694 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер