Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2626 / 22.11.2010 00:00

«Локомотив» АҚ басшысы Қостанайда пойыз машинистерін жалған құжаттармен жұмысқа қабылдау мәселесіне түсінік берді

Қостанай облысында пойыз машинистері жұмысқа жалған құжаттармен қабылданғандығы туралы құқық қорғау органдары таратқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшілеріне берген сұхбатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы «Локомотив» АҚ президенті Қадыл Таласпеков мәлім етті.

Еске салайық, бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғандай, Қостанай стансысындағы Желілік ішкі істер бөлімі (ЖІІБ) «Локомотив» АҚ филиалы «Қостанай локомотивтер пайдалану депосында» тексерістер жүргізіп, тепловоз машинистерінің білімдерін растайтын құжаттар жалған екендігін анықтаған.

Қ.Таласпековтың айтуынша, құқық қорғау органдары таратқан бұл ақпараттың негізі жоқ. «Біріншіден», - дейді ол, ЖІІБ қызметкерлері машинистердің емес, олардың көмекшілерінің құжаттарынан кінарат тапқан. Екіншіден, машинист көмекшілері жұмысқа кәсіби техникалық мектептердің берген куәліктерімен алынған. Мәселе, ол құжаттарды берген білім мекемелерінде болып тұр.

«Бұл жерде, құқық қорғау органдары назарларын кәсіби техникалық мектептерге аударып, құжаттарды берген тұлғаларды анықтауы тиіс. Өз кезегімізде, аталмыш білім беру мекемелерінің оқыту курстарынан өтпегендерге куәліктерді оңды-солды таратуын анықтау үшін құқық қорғау органдарына хат жолдаған болатынбыз. Бірақ біздің өтінішіміз жауапсыз қалды. Дегенмен, мұндай ахуал алдағы уақытта қайталанбас үшін барлық пайдалану деполарына машинистер мен олардың көмекшілерін жұмысқа қабылдар алдында, олардың білімі туралы құжаттарын растау үшін оқыту мекемелеріне жолдама жіберу тапсырмасын бердік», - деп атап өтті.

Компания басшысының сөзіне қарағанда, машинист көмекшілері тепловоздарды басқару ісіне араластырылмайды. Ал машинистердің кәсібилігіне қатаң талаптар қойылады. Олар алдымен белгілі уақыт тәжірибелі мамандардың жанында біліктіліктерін арттырады. Кейін, компанияның жолдамасы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның филиалдарында (Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Таразда) оқудан өтеді.

Поделиться:
Популярные новости
2258 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3851 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2961 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер