Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2358 / 29.10.2010 00:00

Қамданған қапы қалмайды

Арқа өңірінде қыс ұзақ, әрі қатал. Алай-дүлей соққан көз аштырмас боранын былай қойғанда, бет шымшыр сарышұнақ аязы тағы бар. Осыны ойлаған теміржолшы қауымы да қатал қыстың қытымыр мінезінен қысылмай шығу үшін ала жаздай дайындық жүргізеді.

Қаһарлы қысқа барынша қам­дану теміржолшы қауымының жылдағы қалыптасқан әдеті. Жүк және жолаушы тасымалының жоспарын еселей отырып, ша­руашылығын қысқа әзірлеуді де қаперлерінен шығармайды. Темір жол қарбаласы мол сала болса да, мұндай жауапты мәселенің жайын уақыт бұрын ұйымдастырып қояды. Астана локомотив пайдалану де­посының ұжымы да күзгі байқау науқанына бір кісідей қатысып, ойдағыдай атсалыса білді. Комиссиялық байқауға қатысуға тиісті деген барлық техникалар мен ғимараттар есепке алынып, саралауға түсті. Күзгі комиссиялық байқаудың жауапты да сапалы өтуіне ден қойылып, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Локомотив» АҚ қысқа төзімді жанар-жағар маймен жабдықтауға, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуге тапсырыс берілді. Нәтижесін­де талаптары қанағаттандырылып, бұл мәселе төңірегінде қам жемеуге әбден болады деуге негіз бар. Темір жолдың жүрегіне айнал­ған локомотив шаруашылығы­ның қыста жанар-жағар майдан зәрулік көрмейтіні белгілі. Сондай-ақ, комиссия мүшелерінің локомотивтерді тексерістен өткізу кестесі белгілен­ді. Қолдағы бар ақпаратқа сүйен­сек, Астана локомотив пайдалану депосының инвентарьлық паркінде 33 тепловоз бен 112 электровоз бар. Осыншама техниканың қыста тоқтаусыз жүріп, сыр бермей шығуы деполықтар үшін аса маңызды. Астыңдағы атың сенімсіз болса, діттеген жеріңе жету қан­дай қиын болса, локомотивтердің ақауы көп болса, жүк және жолаушы тасымалына көптеген ке­дергілер келтірері сөзсіз. Сондай-ақ, қауіпсіздік мәселесіне де ора­­сан нұқсан келтірері анық. Міне, деполықтардың алға қойған мақсаты да, абыройлы жұмыс атқару болып табылады. Қарамағындағы 29 тепловоз байқаудан өтсе, қалғаны ірі жөндеу жұмыстарының жоспарына енгізілді. Ақауларын анықтау барысында тепловоздардың техника­лық жағдайы, өртке қауіпсіздігі, мәдени және эстетикалық, басқару кабинасының жағдайы талапқа сай болуына басты назар аударылды. Сонымен қатар, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігінің сәйкестігі, қауіпсіздік құралдары мен радиостанциялардың дұрыс жұмыс істеуі толықтай зерттелді. Тепловоздардың өрт жағдайында белгі беру құралдарының жи­нақылығы да назардан тыс қалған жоқ. Қысқасы, депода қысқа дайындық жұмыстары жоспарға сай қызу жүргізілді деп нық сеніммен айтуға болады. Айталық, гараж, клуб, техникалық сабақ өткізетін және психологиялық жүй­кені қалыпқа келтіру бөлмелері комиссиялық бақылаудан өтті. Техника бойынша 97 электровоздың 70 тексеріліп, орташа балдық жүйемен 4,01-ге тең деп бағаланды. Ал, 29 тепловоздың 14 жөндеуден өтіп, 3,84 балл алды. Тағы бір ауыз толтырып айтар жағымды жаңалық, депоға жаңа кеңсе ғимараты жыл аяғында табыс етілмек. Соған орай, әкімшілік ғимаратының іші қазіргі заманға сай техникалармен жабдықталды. Оның өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкестігі мен дабыл қағу жұмысы да қанағаттанарлық деп танылды. Жалпы, қысқа дайындық барысында қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету жағы қиындық тудырғанымен, басқа олқылықтарға жол берілген жоқ. Ұжым бойынша сенбіліктер ұйымдастырылып, депо аумағында әктеу, сырлау жұмыстары асқан ұйымшылдықпен жүргізілді. Мә­селен, бір сенбілік аясында 600 шаршы метр жолдың, 800 шаршы метр депо маңындағы қоқыстар тазартылды. Оған қоса, 150 метр жол жиектері мен 47 түп ағаш әктелсе, 1 станция иіні мен 800 шаршы метр станциялық, кірме жолдар тазаланып, аулалардағы шөп-шалам мен жапырақтар жиналып, сыртқа шығарылды. Қыс айларында локомотив пайдалану депосының ғимараттарын жылыту орталықтандырылған қазандықтан жүзеге асады. Осыған байланысты жылыту қазандықтарына да ағымда­ғы жөндеулер жүргізіліп, құбырлар жаңартылып, жылу құбырларының сапасы тексеріліп, желдету жүйесі де қалыпқа келтірілді. Қазіргі таңда қазандықтардың қысқа дайындығы 90 пайызды құрап отыр. Депоның теміржолшылары қыстық жылы киімдермен қамтамасыз етіліп, техникамен, қажетті құрал-жабдықтармен то­лықтырылды. Демек, Астана локомотив пайдалану депосының ұжымы қыстан қысылмай шығудың қамын бүгіннен жасап қойды.

Бейбіт Жан 

Поделиться:
Популярные новости
1993 / 20.11.2017

Локомотивтер қысқа дайын

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотив паркі қыс маусымында жұмыс істеуге толық дайын. Компанияның локомотив пайдалану деполарында локомотивтердің техн...

3587 / 30.05.2012

Теміржолшылар сақ болуға шақырады

Қайыржан ТӨРЕЖАН Бүгінгі күні қайғылы жағдайларға соқтыратын әртүрлі төтенше оқиғалар сияқты теміржол бойындағы оқыс оқиғалардың статикасы да ...

2737 / 27.03.2012

Сергектік айқындау ушін

Наурыз мейрамын тойлау желеуі Орал қаласының қанаушылықты локомотивті депо қызметкерлері тепловоз жүргізуші Александр Прусс және оның көмекшісі ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер