Құрметті әріптестер!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер...
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС барлық филиалдарында локомотивтерді қысқы жағдайда жұмысқа дайындау жұмыстары аяқталды. Қысқа дайындық жүргізіліп жатқан күзгі комиссиялық тексеру осы жылдың 10 қыркүйегі мен 10 қарашасы аралығында жүргізілді.
Қысқы кезеңдегі жұмысқа 1,4 мыңнан астам локомотивке рұқсат берілді. Тартқыш жылжымалы құрам тораптары мен жүйелері қысқы жұмыс режиміне ауыстырылып, қауіпсіздік аспаптары, дизель-генератор қондырғылары, тартқыш электр қозғалтқыштары, қосалқы жабдықтар, автотежегіш аспаптар тексерілді. Локомотивтер Техникалық, эстетикалық, өртке қарсы, санитарлық және мәдени жағдай бойынша техникалық пайдалану ережелерінің талаптарына сәйкес бағаланды.
Бұдан басқа, электр жылжымалы құрамдағы (вибропантографтар) контактілі сымның мұздануына қарсы күрес үшін жабдықты тексеру және жарамды күйге келтіру және рельс майлағыштарды қысқы кезеңде пайдалануға дайындау бойынша жұмыс жүргізілді.
Қысқы жағдайда алғаш рет жұмыс істейтін машинистер мен олардың көмекшілері теориялық және практикалық сабақтардан өтті. Оларда «алғашқы қысын өткізушілер» нашар көріну жағдайында және қар көшкіні кезінде пойыздарды жүргізу ерекшеліктерін, стандартты емес жағдайлардан шығу шараларын зерттеді. «Алғашқы қысын өткізушілер»тәжірибелі машинистер бекітілген.
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...
Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...
Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының тоғыз аймағындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа 50 вагон гуманитарлық көмек ж...