Құрметті әріптестер!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер...
Бейнеконференция форматында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС және «Үрімші темір жолы» ЖШҚ өкілдерінің Қазақстан мен Қытайдың шекаралық теміржол өткелдері арқылы пойыздарды кедергісіз қабылдау/беруді қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесуі болып өтті.
Қазақстандық делегацияны Бас директордың маркетинг және жоспарлау жөніндегі орынбасары Нұржан Келбұғанов, Қытай делегациясын халықаралық тасымалдау департаменті бастығының орынбасары Бай Лу басқарды. Келіссөздер ірі қазақстандық және қытайлық жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардың қатысуымен өтті.
Тараптар екі ел теміржолшыларының бірлескен күш - жігері мен үйлесімді жұмысының арқасында ағымдағы жылдың 10 айында тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22% өсіп, рекордтық көрсеткішке – 23,6 млн тоннаға жеткенін атап өтті. Оның ішінде, ҚР-дан ҚХР-ға 14,5 млн тонна берілді, өсім 32%, кері - 9,1 млн тонна (+8%).
2023 жылға арналған Темір жол ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) кеңесінде келісілген 26,1 млн тонна мөлшеріндегі жоспар желтоқсан айының басында мерзімінен бұрын орындалады деп күтілуде. Жалпы, тасымалдау көлемінің жылдық орындалуы 26,8 млн тонна деңгейінде болжанады.
2024 жылға тасымалдау көлемі 27,8 млн тонна жүк деңгейінде жоспарланған, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1 млн тоннаға артық.
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...
Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...
Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының тоғыз аймағындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа 50 вагон гуманитарлық көмек ж...