Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Павлодарлық теміржолшы әйел қатарынан екінші рет ҚТЖ марафонында жеңімпаз атанды
212 / 01.10.2023 18:26

Павлодарлық теміржолшы әйел қатарынан екінші рет ҚТЖ марафонында жеңімпаз атанды

Павлодар ЖТ бөлімшесі Өндірістік қауіпсіздік және экология бөлімінің бастығы Эльмира Қараханова екінші жыл қатарынан ҚТЖ жеңіл атлетика марафонында жеңіске жетті. Биыл жарысқа 400 теміржолшы қатысты. Олар 5, 10 км қашықтықты еңсерді. Ең дайындығы мықтылары  ұзақ қашықтыққа - 21 шақырымға жол тартты. Теміржолшылар балалары мен зейнеткерлер 2 шақырымдық қашықтыққа жүгірді.

Марафон қорытындысы бойынша 40 жастан 49 жасқа дейінгі санаттағы әйелдер арасындағы 10 шақырымдық жарыста Эльмира Қараханова ең жылдам болып шықты. Өткен жылы ол 5 шақырымдық жарыста марафонда жеңіске жеткен болатын.

Эльмира теміржолда 20 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Спорттық наградалардан басқа, оның жеке жетістік қоржынында «Адал еңбегі үшін» төсбелгісі де бар. Соңғы екі жылда Эльмира спортпен белсенді айналысады. Ол фитнес пен жүгіруді ұнатады.
Поделиться:
Популярные новости
179 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

20 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

33 / 22.04.2024

Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жіберді

Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының тоғыз аймағындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа 50 вагон гуманитарлық көмек ж...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер