Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Жылдық жоспардан теміржолдардың 70% астамы жөнделді
210 / 06.09.2023 00:00

Жылдық жоспардан теміржолдардың 70% астамы жөнделді

Биыл жол жөндеу науқаны басталғаннан бері ҚТЖ желісінде 820 км  астам теміржол төсемі жаңартылды, бұл жылдық көлемнің 73% құрайды. 430 астам бағыттамалық бұрма ауыстырылды.

Темір жол магистралінің жөндеу жұмыстарын орындау үшін ҚТЖ жол шаруашылығында арнайы жылжымалы құрамның 730 бірлігі пайдаланылады.

  RM-80 және RM-2002 қиыршық тас тазалағыш машиналарымен 243 км ластанған балласт тазартылды. «Duomatic 09-32» жоғары өнімді машиналарымен 1875 км жолды түзету жұмыстары жүргізілді. Unimat MF және ВПРС техникасын қолдана отырып, 1105 бағыттамалық бұрмада және шамамен 315 км жолда түзету және соғу жұмыстары жүргізілді. Балашенко жүйесінің жолдытүзету машиналарымен 500 км теміржол төсеміне рихтовка жүргізілді. Жүрістің тегістігін жақсарту үшін «Atlas» арнайы пойыздарымен 1840 км жол тегістелді.

Жоғары өнімді жол машиналарын қолдану жөндеу-жол жұмыстарының уақытын қысқартады, техникалық деңгейін арттырады және жолдың сенімділігін қамтамасыз етеді.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
28 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

219 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

137 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер