ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздік...
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «GeneralElectric» сервистік компаниясы өкілдерінің, жөндеу және пайдалану локомотив деполары басшыларының қатысуымен локомотивтерге сервистік қызмет көрсетуді жақсарту мәселесі талқыланды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Марат Шакенов теміржолда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін локомотивтерді сапалы жөндеудің маңыздылығын атап өтті.
Жиналыста локомотивтердің техникалық сенімділігін арттыру, негізгі және қосалқы сервистік орталықтарды қажетті жабдықтар қорымен қамтамасыз ету бойынша түрлі тәсілдер сөз болып, ұсыныстар айтылды.
«Локомотив паркін жаңарту жоспарға сай жүргізіледі, сервистік қызмет көрсетуге, профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізуге басты назар аударылады», – деді М. Шакенов.
Бүгінгі таңда сервистік орталықтар Аягөз, Сексеуіл, Астана станцияларындағы жөндеу кәсіпорындары базасында жұмыс істесе, қосалқы орталық Алматы станциясында ашылған.
Сервистік қызмет көрсету орталықтарында Техникалық пайдалану ережесі талаптарына сәйкес кешенді ұйымдастыру-техникалық шаралар жүзеге асырылады.
«Соңғы бес жылда қазақстандық өндірістен шыққан 200-ден астам заманауи жүк және жолаушы тепловоздары мен электровоздар, маневрлік локомотивтер сатып алынды», – деп атап өтті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өндірістік қауіпсіздік бойынша атқарушы директоры Айтым Құрақбаев.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ локомотив паркін толықтай жаңарту 2030 жылға дейін жоспарланып отыр.
Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...
Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...