Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1259 / 02.07.2018 15:26

Автобус жүргізушісі телефонмен сөйлесіп келе жатып Павлодар бөлімшесінің күзетілмеген өткелінде пойызбен соқтығыса жаздады

2018 жылдың 2 шілдесінде, сағат 20:20-да, Павлодар-Екібастұз учаскесінің Үшқұлын-Тоқұбай аралығының күзетілмейтін теміржол өткелінде, 22 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан жүк пойызының машинисті ПАЗ маркалы автобустың теміржол жолға кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолдануына тура келді. Қақтығысудың алдын алу мүмкін болмады.

Соқтығысу нәтижесінде 11 жолаушы тасымалдап келе жатқан автобус жыраға құлады. Үш адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Оқиға орнында ІІЖБ мен ЖТ Павлодар филиалының өкілдері жұмыс істеді.

ЖКО қызметтік тергеудің қол қойылған актісіне сәйкес, соқтығысу автокөлік жүргізушісінің теміржол өткелін өту ережелерін бұзуына байланысты болды. Автобус жүргізушісі ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатып, алаңдауының кесірінен бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткендігін мойындады.

Өткел дабыл жүйесімен жабдықталған. Дабыл жүйесі дұрыс жұмыс істеп тұрған.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
176 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

13 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

19 / 22.04.2024

Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жіберді

Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының тоғыз аймағындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа 50 вагон гуманитарлық көмек ж...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер