Құрметті әріптестер!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер...
Астана және Атбасар локомотив пайдалану деполарында машинистер мен машинистердің көмекшілерінің зайыбымен дәстүрлі кездесулер өткізілді. Кездесудің басты мақсаты – машинистердің әйелдеріне теміржол көлігінің аса жауапты қызметі туралы баяндалып, олардың күйеулерін сапарға шығар алдында барынша жайлы демалып, жақсы сезінуін қамтамасыз ету көзделеді.
Сондай-ақ, кездесу кезінде машинистердің әйелдері өздерін толғандырып жүрген кез-келген сұрақ бойынша басшылыққа шағымданып, күйеулерінің қандай жағдайда жұмыс жасайтындығын көздерімен көре алады.
-Машинистердің іссапары өз отбасынан басталады. Өмірлік зайыбы күйеуін машинисті сапарға психологиялық түрде дайындайды. Яғни, жолдағы пойыз қозғалысы қауіпсіздігінің сақталуы машинистің көңіл-күйіне де байланысты. Машинист жолда отбасының жағдайына еш алаңдамауы тиіс»,- дейді Астана локомотив пайдалану депосының директоры Мақсұт Ибраев.
Ол әйелдердің алдына шығып, күйеулерінің іссапарға жақсы көңіл күймен шығуларына барынша жағдай жасаулары қажет екендігін түсіндірді.
Астана локомотив пайдалану депосы Ардагерлер кеңесінің төрайымы Людмила Красноштанованың айтуынша, әйелдер сүйіктілерін сапарға шын ниетімен, жылы шыраймен шығарып салуы тиіс.
-Локомотив бригадалары қақаған қыста, аптап ыстық жазда көлік жүргізеді. Машинистер қашанда сақ, көреген, төзімді әрі салқынқанды болуы үшін, сапарға шыққанға дейін алты сағат үйінде демалуы тиіс. Оған барынша жайлы демалуы үшін жағдай жасалуға тиіс»,-дейді ол.
Кездесу соңында локомотив депосының дамуына сүбелі үлес қосқан машинистер мен машинистердің көмекшілерінің әйелдеріне Грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, депо басшылығы өз еңбеккерлерінің әйелдеріне естелік сыйлықтар тапсырды.
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...
Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...
Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының тоғыз аймағындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа 50 вагон гуманитарлық көмек ж...