ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздік...
Бүгін Ақордада өткен 2012 жылдың қорытындысына және «Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыруға арналған кеңейтілген отырыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсырма берді.
«Астана-Алматы» жаңа жолаушылар темір жолы көлігі бойынша жұмыстарды бастаймыз. Біздерге «Тальгоға» арналған жаңа темір жол салу керек», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, бұған дейін сағатына 350 шақырыммен жүйткитін пойызға арналған темір жолды салуға Қытай елі ниет білдірген болатын. Жоба құны 40 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұл өте қымбат. Ал сағатына 250 шақырымды бағындыратын Тальго пойызына арналған жолды салуға шамамен 7 млрд. доллар шығындалады.
Осы соңғы нұсқа көңілге қонымды екендігін білдірген Елбасы құрылысқа қажетті қаражат қарастырылатындығын баса айтты. «Бұл жоспарды әзірлеуге кірісіңіздер. Қаржыландыратын боламыз. Яғни, «Астана-Алматы» бағдарындағы жүрдек пойыз желісінің құрылысы біз айтқандай айналма емес, Балқаш көпірі арқылы жүргізілуі мүмкін», - деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, бұл жол екі қала арасындағы жолды шамамен 300-400 шақырымға қысқартатын болады. «Үлкен жоба, қолға алу керек. Біз 5-6 жылдың ішінде саламыз, бастаңыздар», - деді Н.Назарбаев.
ҚазАқпарат
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...