Адрес г. Нур-Султан, ул. Д. Кунаева, д. 6, 20 этаж
Call-center 8 (7172) 60-30-30
2845 / 08.07.2016 09:47

Локомотив бригадасы жолаушылар пойызын апаттан құтқарды

6-шілдеде 19-00 сағатта Защита-Лениногор телімінің Кошунов –Черемшанка қума жолында «Астана- Лениногор» бағдарындағы №375 жолаушылар пойызы апаттан құтқарылды. Машинист Виталий Пилипенко мен машинистің көмекшісі Максим Ефремов 100 метрдей жердегі рельске құлаған ағаштарды көріп шұғыл тежегішті басты. Бұл кезде күшті жел әрі нөсер жауын төгіп тұрды.

Локомотив бригадасы пойыз диспетчері мен станция кезекшісіне хабарлады. Артынша пойыз жолсеріктері мен машинист, машинистің көмекшісі жолды аршуға кірісті. Көп ұзамай жолшылар бригадасы жедел жетіп, құлаған ағаштарды балтамен, бензинді арамен кескіледі. Пойыз 42 минут тұрды. 20.12 минута пойыз сапарын жалғастырды. Бригада кешіккен уақытын жолда қуып жетті. Лениногор қаласына кестеден 18 минутқа кешігіп жетті. Осылайша локомотив бригадасының шұғыл шешімі мен қырағылығының арқасында жолаушылар пойызы апаттан аман қалды.

Поделиться:
Популярные новости
109 / 14.12.2021

ТОО «КТЖ-Грузовые перевозки» получило Сертификат безопасности в области ж/д транспорта

ТОО «КТЖ-Грузовые перевозки» получило Сертификат безопасности в области ж/д тра...

115415 / 13.09.2021

Казахстан и Туркменистан обсудили развитие транзитно-транспортного взаимодействия

Перспективы развития транзитно-транспортного взаимодействия Казахстана и Турк...

40067 / 10.09.2021

Динамика по вакцинации от COVID-19 среди работников Карагандинского отделения ГП

Все большее сотрудников Карагандинского отделения ГП присоединяется к акции «Е...

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Подробнее