«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің Алматы бөлімшесінде теміржол саласындағы Әйелдер кеңесінің отырысы өтті
Іс-шара аясында өндірістік үдерістерге әйелдердің қатысуын арттыру, басқару саласындағы үлесін кеңейту және корпоративтік мәдениетті дамыту мәселелері қаралды.
Қатысушылар келесі өзекті бағыттар бойынша пікір алмасты:
▪️әлеуметтік бастамаларды іске асыру,
▪️ кәсіби қауымдастықты нығайту,
▪️ қолайлы еңбек жағдайларын жасау және әйелдердің көшбасшылығын қолдау.
Отырыс мазмұнды әрі іскерлік атмосферада өтіп, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды.