KTZ Express «Бірыңғай цифрлық терезе» жүйесін енгізу бойынша онлайн сауалнамаға қатысуға шақырады
Барлық клиенттерден БЦТ жүйесін енгізуге қатысты анонимді сауалнамаға қатысуын сұраймыз. Сауалнама БЦТ порталына қатысты қызмет клиенттерінің пікірін анықтауға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
БЦТ порталының негізгі мақсаты клиентке бағдарлануды жақсарту, «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша бәсекелестікті жою, жүк тасымалдарын басқару тиімділігін және логистикалық қызметтер сапасын арттыру болып табылады. БЦТ порталы коммерциялық ұсыныстарды алу, шарттарды басқару, әлеуметтік желілер мен Call-орталық арқылы сұраныстарды жіберу, өзара есеп айырысу және онлайн төлем, сіздің операцияларыңыз бойынша талдамалық деректерге қол жеткізу, қызметтерге өтінімдерді ресімдеу, жүктердің орналасқан жерін қадағалау, қанағаттанушылықты бағалау және API арқылы серіктестерді қосу сияқты қызметтердің кең спектрін және әртүрлі онлайн функцияларды ұсынатын болады. БЦТ порталының сынақ режимінде іске қосылуының алдын ала күні – 2024 жылғы 1 тамыз.
Сауалнама сілтемесі:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeX5qVy8S5FFcvSt7pm-aTTL8bHpVXtwOOiVhVIuKLwTztU8w/viewform