Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Жүрек қалауымен
1267 / 02.10.2019 00:00

Жүрек қалауымен

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамында Тартымдық жылжымалы құрам және пайдалану басқармасына жетекшілік етіп отырған Серік Әбеновтің теміржол саласында ат ауыстырмай еңбек етіп жатқанына қырық жылдай болыпты.

«Целиноград қаласының тумасымын. 1979 жылы теміржол техникумын «Тепловоз шаруашылығы» мамандығы бойынша бітіре сала әскерге алынып, онда да теміржол саласын оқығаным септігін тигізіп, мені машинистерді дайындайтын мектепке алты айлық курсқа жіберді. Оны бітіріп, бір жарым жыл машинист болып жұмыс істеп, стратегиялық маңызға ие ракеталарды тасымалдағанымды мақтан тұтамын» деп еске алады кейіпкеріміз.

Азаматтық борышын өтеп келген соң Серік Қоқашұлы Целиноград локомотив пайдалану депосына машинист көмекшісі болып жұмысқа орналасады. Кейін инженер-технолог қызметінде тәжірибе жинақтайды. Сосын Целиноград тасымалдау бөлімшесінде аға локомотив диспетчері, Тың темір жолының шұғыл жұмыстар жөніндегі басшысының орынбасары сияқты жауапты қызмет сатыларынан өтеді. 1998 жылы «Қазақстан темір жолы» РМК құрылғанда, Статистика басқармасына бас ревизор болып орналасады. Ал 2004 жылы Ұлттық компания құрамында «Локомотив» АҚ ашылғанда білікті маманды кәсіпорын басшылығы шұғыл-тарату жұмыстары бөлімін басқаруға шақырады. Ол жердегі жұмыс өте жауапты: барлық пойыздарды локомотив тартымымен уақытылы қамтамасыз ету болатын. 2016 жылы «Локомотив» АҚ таратылып, локомотив шаруашылығы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басқарылымына берілген кезден бері кейіпкеріміз Тартымдық жылжымалы құрам және пайдалану басқармасына жетекшілік етіп келеді.

«Қазір еліміздегі локомотив паркіндегі тепловоздардың басым бөлігі заманауи, отандық өндірістен шыққан. Әрі олардың жөндеуаралық мерзімі ұзақ. Олар 120 күннен кейін ғана жөндеуге кіреді. Бұл локомотивтердің қуаттылығы жоғары болғанына қарамастан жанар-жағармайды аз жейді. Жаңа тепловоздарды пайдалана бастағаннан бері отын шығыны төмендеді. Есесіне, жүк салмағын көтердік, қызмет көрсету иіні ұзарды. 

Яғни, жаңа тепловоздарда машинистерге қолайлы жағдай жасалған, қыста пеші, жазда желдеткіші жақсы жұмыс істеп тұр. Тамақ жылытатын қысқатолқынды пеші, тіпті шағын тоңазытқыштары да бар. Мұндай жағдай машинистерге жағымды әсер етіп, олардың шаршамай жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп отыр. Бұрын 150 км жол жүретін машинистер қазір заманауи локомотивтердің арқасында 300-350 км жолды еш қиналмай жүріп келе береді. Соның арқасында жүкті жеткізу мерзімі де жеделдетілді. Десе де, күніне бірнеше мыңдаған тонна жүкті, жүздеген жолаушыны тасымалдайтын машинистердің жұмысы аса жауапты әрі күрделі екенін Компания басшылығы ескеріп, оларға 57 жастан бастап салалық жәрдемақыға шығарып отыр. Әрине, денсаулығына шағымы жоқ машинистердің 63 жасқа дейін жұмыс істеуі де қарастырылған. Енді бұл әркімнің денсаулығына байланысты өз қалауы», – деп сөз түйіндейді Серік ағамыз. 

Жұмыс көрсеткіштерін жақсартуға үлес қосып, сапалы да сауатты жұмысымен дараланған Серік Әбенов «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ал биылғы көлік қызметкерлері күніне орай «Құрметті теміржолшы» белгісін төсіне тақты.    
Поделиться:
Популярные новости
195 / 27.09.2024

«Еңбектенеміз, жеңеміз, шабыттандырамыз!»

Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет грамоталарын тапсырумен аяқталды. "Бас директор В.Петров темір жо...

766 / 19.09.2024

Санкт-Петербург қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС кызметкерлерін оқытудың 4-модулі бағдарламасының басталуы.

"ҚТЖ- Жүк тасымалы" ЖШС өзінің қызметкерлері үшін Октябрь кәсіби біліктілік оқу орталығының Санкт-Петербург-Витебск бөлімшесінде оқыту бағдарлам...

501 / 13.09.2024

Достық - Мойынты учаскесінде екінші жолдардың ауқымды құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда

Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер