Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қазақстан – Түркменстан – Иран теміржол дәлізіне өзбекстан да қосылады
1628 / 04.04.2019 00:00

Қазақстан – Түркменстан – Иран теміржол дәлізіне өзбекстан да қосылады

2019 жылдың 4 сәуірінде Алматыда жалпы халықаралық көліктік дәлізімен жүктасымалын ары қарай дамыту мәселелері бойынша Қазақстан, Қытай, Иран, Түркменстан және Өзбекстан теміржол әкімшіліктері өкілдерінің кездесуі болып өтті.

Қазақстан – Түркменстан – Иран теміржол дәлізімен өткен жылы жүк тасымалы 1 мың ЖФБ құрады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов атап өткеніндей, контейнерлік жүктер ағыны әсіресе Өзбекстанға және Болашақ станциясы арқылы Иранға артып отыр. Аталған дәлізге Өзбекстанның қосылуымен ол айтарлықтай қысқарды.

«Қытайдан біздің елімізге және өзге де бағыттарға жүктер транзитін дамыту үшін қолайлы тарифтерді әзірлеу және өзге де жағдайларды жасау маңызды», - деді Қ.Әлмағамбетов.

Келіссөздер барысында тасымалды арттыру үшін жүктерді дер кезінде жеткізудің маңызы атап көрсетілді. Осыған байланысты фитингтік платформаларға сұранысты қанағаттандыруға ерекше назар аударылуда. Қазақстандық тарап жүкжөнелтушілерді жылжымалы құраммен толық қамтамасыз етуге міндеттеме алып отыр.

Кездесуде тиелген контейнерлер үшін 2019 жылы Қытай – Қазақстан – Өзбекстан – Түркменстан – Иран дәлізі бойынша тарифтік шарттарды орнату және тұрақты контейнерлік сервистерді ұйымдастыру, ИИР – ҚХР бағдарына қосымша жүктерді тарту мәселелері талқыланды. Ағымдағы жылдың сәуірінен бастап Ақтау – Алят бағдары бойынша тұрақты фидерлік сервис іске қосылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан – Түркменстан – Иран теміржол дәлізіне Өзбекстан да қосылады. Жақтар аталған бағдар бойынша контейнерлік тасымалдарға өзбекстандық тараптың қатысуы туралы шешімге келісмдерін берді.

Жақтар сонымен қатар кешенді тарифтік ставкаларды келісті.

Кездесу қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.

Поделиться:
Популярные новости
10 / 19.03.2024

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік оты...

307 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

43 / 07.03.2024

Құрметті ханымдар!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Біздің компаниямыздың  кәсіби біліктілігі мен жауапкершіл...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер