Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Солтүстік өңір теміржолшылары жолдарды көктемгі су тасқынынан қорғауда
1155 / 02.04.2019 00:00

Солтүстік өңір теміржолшылары жолдарды көктемгі су тасқынынан қорғауда

Теміржолшылар тәулік бойы Ақмола облысында су қоймасы бөгетінің бұзылуына орай Қылшақты өзеніндегі жағдайға ден қойып отыр. Айрықша назар аударатын аймақ Жамантұз станциясындағы теміржол тармағы.

Арнайы жасақталған бөлімшелермен теміржол желілерін су басып қалуды болдырмау мақсатында дайындық іс-шаралары мен алдын алуға қатысты жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, Көкшетау станциясына жақын манда үйінді жүргізілді. Аталған іс-шараларға 100 тиісті қызмет жұмыскерлері мен арнайы техникалар жұмылдырылды.

Бурабай-Курорты станциясы бойынша арналар тазартылып, станцияға жақын мандарға топырақ төселді. Аталған учаскеде 90 тарта қызметкер тартылып, арнайы техника пайдаланылды.

Су басуы мүмкін деген орындарға тәулікбойғы бақылаулар орын алып, қардың еруі барысы мен су деңгейінің көтерілуі бақылауға алынған.

Жабай өзенінің 580 шақырымындағы көпірде 2 бейнекамера орнатылса, олар әр 3 сағат сайын онлайн-режимде бейнеақпарат жөнелтіп отырады.

Толықтай алғанда Ақмола облысында 300 астам көпір мен 200 құбыр, 80 км шұңқыр, 28 км дөңесті және 78 шақырымнан астам субұру арықтары тазартылды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 100 көпір мен тұрба, 100 км шұңқыр, 14 км дөңес пен 140 км субұру арықтары аршылды.

Қазіргі таңда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 42 сушаюғақарсы пойыздары жасақталды және сарқынды суды ағызып жіберуге дайын отыр.

Сутасқыны қаупі кезеңінде магистральдық желі бөлімшелерінде және жол дистанциясында жауапты адамдардың тәулікбойғы кезекшілігі ұйымдастырылған.

Поделиться:
Популярные новости
145 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

257 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

100 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер