Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Менің жүрегімнің желісі
1446 / 02.08.2018 17:59

Менің жүрегімнің желісі

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның өндірістік-техникалық департаментінің бірінші деңгейдегі менеджері Марат Кенбеилов темір жолсыз өз өмірін елестете алмайды. 40 жыл бойы ол күн сайын жұмыс орнында болады. Бұған жақындары үйреніп қалған, және отбасы оның өмірлік ісіне түсіністікпен қарайды. Бақытына орай, біздің кейіпкеріміздің жұбайы да темір жол саласында жұмыс істейді, ал үш ұлының ең үлкені ата-анасының ізімен осы салаға келген.

Біздің кейіпкеріміз Қостанай облысы, Амангелді ауданының Амангелді ауылында дүниеге келген, және  балалық шағынан бастап «Ғылым және өмір», «Жас техник» журналдарын оқыды, сөйтіп өскенде міндетті түрде теміржолшы болатынын шешті. Және солай болып шықты да.

Мектеп бітіргеннен кейін, Марат Мырзағалиұлы, ойланбастан, Алматы инженерлік-механикалық институтының механика факультетіне түсті, және инженер-механик мамандығын алды. Айта кететіні, болашақ теміржолшы үшін оқу оңай болды, ол үшін оған балалық шағында оқыған ғылыми журналдардағы мақалалардан есте қалған білім көмектесті.

Өмірде қандай қызығушылықтары мен хоббиіңіз бар деген сұрағымызға Марат Кенбеилов күлімсіреп, өзінің барлық қызығушылықтары тек теміржолмен байланысты екенін айтты. Ол жұмыстан бос уақытын... жұмысқа арнайды! Ол өз туған шаруашылығы үшін тағы не істеу керектігін ойлайды. Соның ішінде, күздік, содан кейін қыс мезгіліне дайындықты қалай жақсартуға болаты, магистральді қандай  заманауи жабдықтармен жабдықтауға болатыны туралы.

Керемет кішіпейіл және сезімтал адам бола тұра, нағыз теміржолшы Марат Мырзағалиевич, өзінің жетістіктері туралы ешқашан айтқан емес. Және тек оның әріптестері ғана оның даналығы, іске деген кәсіптік және стандартты емес тәсілімі қандай-да бір мәселені табысты шешуге көмектескендігінің көптеген жағдайлары туралы сағаттап айтып бере алады.

60 жастағы Марат Кенбеилов зейнеттік жастың ауылының алыс еместігін және өзінің туғанындай болып кеткен департаменттің тату ұжымымен сирек көрісетін болатынын, және өндірістік-шаруашылық мәселелерді шешудің де сирейтінін ойласа мұңға батады. Үлкен жұмыс тәжірибесі бар ол, жастармен жинақталған құнды білімімен қуана бөліседі. Оның қамқорлығындағылардың көбісі оның көз алдында компанияның әртүрлі  бөлімшелердің басшылары болды.

Жастармен жұмыс істегенде, ол өзін сонау  1981 жылы, диплом алғаннан кейін, жастық шағында Атырау локомотив депосына шебер, инженер-технолог болып теміржолға келген сол уақыттарға қайта оралғандай сезінеді.  Сосын Архангельск совет армиясының қатарында қызмет еткен бір жарым жыл оны сүйікті ісінен айырды. Марат Кенбелов Отанға өз парызын өтеген соң, теміржолшылар қатарына қайта оралуға асықты. Әскерден соң  тепловозды жөндеу бойынша слесарь, содан кейін - депоның жөндеу бойынша шебері, ал бір жылдан кейін - депоның бас инженері болды.

Марат Мырзағалиевич өзінің мансаптық өсімінің әр кезеңінде жұмысына жанның бір бөлшегін салатын. Кейін «Локомотив» АҚ-ның «Өндірістік-техникалық бөлімінің» бастығы болғаннан соң да, ол бұрыңғыша еңбек процесінің негізі болып табылатын ең кішкентай бөлшектерге де назар аудару әдетін қалдырмады.

Талантты көшбасшы, тәжірибелі ұйымдастырушы, парасатты және қарапайым адам, мен жас және егде жастағы теміржолшылар шынайы құрметпен қарайтын тұлға. Әртүрлі уақыттарда онымен жұмыс істеген әріптестері оны сөз бен істің адамы деп айтады. Және оның өзі де осы принциптерді өз өміріндегі ең бастысы деп санайды.

Табиғатынан ар-ұжданына сәйкес әрекет етуге бейім, іске бей-жай қарамайтын және ойшыл адамды кәсіпорынның ұжымын ғана емес, басшылықты да мойындады. Жұмыс істеген жылдары желінің игілігіне талай істер атқарды және атқарып жатыр. Марат Мырзағалиевич жолдың маңызды инвестициялық жобаларын - жабдықтарды жаңарту, жабдықтарды, негізгі құралдарды жаңғырту, локомотив пен вагон деполарын қайта жабдықтауды іске асыруды қадағалайды. Жалпы жетістіктерде - Марат Мырзағалиевичтің еңбегінің де айтарлықтай үлесі бар. Ол үлкен өмірлік күшті бар және ісіне шексіз адал адам.

Тыныштық пен ырғақты өмір сүру оның табиғатында тән емес. Теміржол - оның үйі. Жылы, жарқын және сүйікті.

Ал зейнеткерлікке шыққаннан соң өзінің төрт немересінің тәрбиесімен айналысатынын, оларға теміржол туралы, локомотивтің салынуы туралы айтатынын айтты. Марат Мырзағалиевич, оның жүрегі бұрыңғыша жолдармен өмір сүретініне сенімді, себебі жол тағдырымен оның да тағдыры байланысты.

 

Поделиться:
Популярные новости
156 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

288 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

139 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер