Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ТРАНЗИТТІК КОНТЕЙНЕРЛІК ПОЙЫЗДАР АРҚЫЛЫ ТАСЫМАЛ КӨЛЕМІ 2018 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 52%-ҒА АРТТЫ
1517 / 25.07.2018 14:28

ТРАНЗИТТІК КОНТЕЙНЕРЛІК ПОЙЫЗДАР АРҚЫЛЫ ТАСЫМАЛ КӨЛЕМІ 2018 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 52%-ҒА АРТТЫ

Қазақстан аумағы бойынша 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында 1861 контейнерлік пойыз жүріп өтіп, 180 мың ДФЭ тасымалданған, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 52%-ға көп.

Өсімге мына бағыттар бойынша қол жеткізілген: Қытай-Еуропа - 38%-ға, Еуропа-Қытай - 55%-ға, ҚХР-Өзбекстан - 66%-ға, Ресей-Өзбекстан - 86%-ға, Өзбекстан-Ресей - 63%-ға артқан. Қытай-Еуропа-Қытай бағытына контейнерлік пойыздардың жалпы санының 66 %-ы тиесілі.

«Алғашқы жартыжылдықта аталған бағытта орташа есеппен тәулігіне 7 контейнерлік пойыз жүргізілген. Қарбалас кезең – 4 тоқсанда тәулігіне орташа есеппен 14-16 пойыз өткізу күтілуде»,-дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ интеграциялық жоспарлау және ақпараттандыру бойынша вице-президентінің м.а Сағындық Жұмабаев.

Қазақстан аумағы бойынша контейнерлік пойыздар қозғалысының орташа бағдарлы жылдамдығы тәулігіне 941 км-ді құрады, сөйтіп өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тәулігіне 53 км өсімге қол жеткізілді.

«Қазақстан аумағы арқылы транзиттік бағдарлардың тартымдылығын арттыру үшін бірқатар артықшылықтары бар Алашанькоу-Достық теміржол өткелінен Қорғас-Алтынкөл өткеліне дейінгі контейнерлік ағымды қайта бағдарлау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Достық станциясының контейнерлік жүктері бойынша өңдеу қабілеттілігі тәулігіне 760 ДФЭ-ні құраса, Алтынкөл станциясында ол – тәулігіне 5000 ДФЭ-ден көп. Соған қоса Достық станциясында және соған қарасты телімдерде секундына 25 м-ден көп жел қарқыны бар күрделі метеорологиялық ахуал жұмысқа қиындық келтіреді», - деп атап өтті. С. Жұмабаев.

Ресей теміржол әкімшілігімен бірге Достық-Қарталы баламалы бағдары бойынша контейнерлік пойыздардың қатынасы ұйымдастырылды. Бұл бағдардың тартымдылығы Мойынты-Қарталы полигонында екі жолды электрлендірілген темір жол желісінің болуы есебімен тасымалдың өзіндік құнының салыстырмалы түрде төмен болуына байланысты.

Вагондарды орынды қолдану үшін толық контейнерлік тиеліммен ұзындығы 57 шартты вагонды «3-2» қағидаты бойынша «ұзартылған» контейнерлік құрамды құру ұсынылады. Аталған сызба бір локомотив тартқышы қызметін қысқартып, пойыздар құрамалылығын арттыруға мүмкіндік береді, бұл сәйкесінше, жылжымалы құрам мен инфрақұрылымды пайдалану шығынын азайтады.

Жалпы алғанда осы барлық шаралар Қазақстан аумағы арқылы транзиттік жүк ағынын ұйымдастыру тиімділігін арттыруға септік етеді.


Поделиться:
Популярные новости
36 / 15.01.2025

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған Welcome-тренинг сәтті өтті. Бұл тренинг жаңа қызметкерлердің ұжымғ...

500 / 30.12.2024

Мойынты - Балқаш учаскесіндегі қозғалыс бойынша ақпарат

Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...

568 / 27.12.2024

Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді

27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер