«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған ...
Алматыда ҰТБ басшыларының, бас инженерлерінің, техникалық бөлімдердің басшыларының және техникалық ақпаратшылардың қатысуымен «Инновациялық ортадағы идеяларды генерациялау және ынталандыру» атты семинар өтті. Кездесу барысында өнертапқыштық байқаудың қорытындысы шығарылды. «Үздік техникалық шешім» номинациясында Алматы ЖТ бөлімшесінің конструкторлық-экспериментальды орталығының бас инженері Жанат Ибраимжанов жеңімпаз атанды. Оның «Білдек жабдықтың сұққыштарын суырып шығаруға арналған құрылғы» өнертабыстық ұсынысы ең үздік деп танылды.
- Білдек жабдықты жөндеу кезінде беріліс қорабының, алжапқыштар және т.б. қақпақтарын алу кезінде қиындық туындайды, өйткені бекіткішті бұрандадан бөлек, білдек тұрқысына бекіту тесіктерін сәйкестендіру үшін қақпақтар арқылы сұққыштар орнатылады. Оларды алып шығу үшін мен әмбебап соққы аспап ұсындым. Осыған ұқсас тәсілмен шарлы мойынтіректерді демонтаждауға болады, - деді өнертабыс авторы.
Жанаттың 15-тен астам өнертабыстық ұсыныстары, бір өнертабыс патенті бар. Оған «ҚТЖ»ҰК» АҚ «Кәсібі бойынша үздік» атағын берді.
Алматы бөлімшесінің конструкторлық-экспериментальды орталығы вагондар мен жол-сапар шаруашылығы және басқа да кәсіпорындарының қажеттіліктері үшін өнімдер шығарады. Бұл орталық - стандартты емес жабдықтарды, шағын механизация жабдықтарын, құрал-саймандарды, құрылымдық бөлімшелердің филиалдарынан келіп түсетін өтініштері бойынша қосалқы бөлшектерді шығаратын шағын зауыт.
Сондай-ақ, Алматы эксплуатациялық локомотив депосы өнертабыстық қызметті ұйымдастыру бойынша ең үздік филиал болып танылды.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған Welcome-тренинг сәтті өтті. Бұл тренинг жаңа қызметкерлердің ұжымғ...
Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...
27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...