Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Ағадырда машиниске мемориальдық тақта орнатылды
1704 / 03.01.2018 11:59

Ағадырда машиниске мемориальдық тақта орнатылды

Ағадыр локомотив депосының қабырғасына сала ардагері, «Құрметті теміржолшы» атағының иегері Амантай Жұматаевқа мемориальдық тақта орнатылды. 

Амантай Төлеуұлы Шет ауданының, Ағадыр кентінде дүниеге келген. 16 жасынан бастап, зейнетке шыққанша Ағадыр локомотив депосында машинистің көмекшісі, машинист болды. 2004 жылы ерен еңбегі еленіп, саланың ең үздік «Құрметті теміржолшы» кеуде белгісін өңіріне тақты.

Салтанатты шараға локомотив депосының басшылығы мен еңбеккерлері, Ағадыр селосы әкімдігінің қызметкерлері, туған-туыстары жиналды.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген Ағадыр кенті әкімінің орынбасары Қалижан Бекхожин А. Жұматаевтың жоғары білікті маман, кәсіби шебер, азаматтық парасат- пайымына тоқталды.

«Жарты ғасыр ғұмырын саланың дамуына арнаған жерлесіміз «Құрметті теміржолшы», Амантай Жұматаев өзінің ұзақ жылдар бойы қызмет еткен ұжымының ұстазы ретінде танымал. Ол теміржол саласына сүбелі үлес қосып, мамандығына адалдығын дәлелдеген жан»,-дейді Қ. Бекхожин.

Ағадыр локомотив айналымы депосы кадр бөлімінің жетекшісі Амандық Ысықовтың айтуынша, «өңірдегі Жұматаевтардың династиясы теміржолдың барлық саласында жемісті қызмет етуде. Қазіргі таңда қызмет етіп жатқандарын қосқанда барлық 17 теміржолшы Жұматаевтардың жалпы еңбек өтілі 364 жылды құрайды екен. Олардың негізі локомотив пайдалану саласында қызмет баспалдағын машинистің көмекшілігінен бастаған».

«Амантай Төлеуұлының ағалық ақылын тыңдап өскен іні-қарындастары Жақсылық, Кенжетай, Жәми, Шәкәрім, Айдос, Оңғар, Нұргүл, Бақыт, Назгүлдер қазір өздері бір-бір саланың маңдайалды мамандарына айналды. Міне бүгінгі қарапайым еңбек адамына ескерткіш орнатуымыз ешкімнің де ел үшін еткен еңбегінің далаға кетпейтіндігінің кепілі болып табылады. Амантай Төлеуұлының екінші өмірі бүгін басталды деуге болады. Оны жалғастырушы сіздерсіздер»,-деп Амантай Ысықов жастарға қарата сөз арнады.

Республиканың түкпір-түкпірінен Амантай Төлеуұлының ескерткіш тақтасын ашуға келген теміржолшы әріптестері, туған –туыстары, шәкірттері облыс орталығынан шалғай орналасқан, қысы қатал, жазы аптап ыстықта қалыптасқан дәстүрлерінен жазбай, ағайындығына сызат түсірмей отырған ағадырлық теміржолшылардың ынтымақты іс-әрекеттеріне риза болғандарын жасырмай, ұлағатты істеріне риясыз алғыстарын білдірді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
16 / 19.03.2024

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік оты...

336 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

47 / 07.03.2024

Құрметті ханымдар!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Біздің компаниямыздың  кәсіби біліктілігі мен жауапкершіл...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер