Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Жүк тасымалдау  барлық қатысушыларға үлкен жауапкершілік жүктейді
1721 / 15.11.2017 18:42

Жүк тасымалдау барлық қатысушыларға үлкен жауапкершілік жүктейді

15 қарашада Үкімет үйінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның 2017 жылғы теміржол көлігімен жүк тасымалдау қызметінің қорытындысына

арналған баспасөз конференциясы өткізілді. Онда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басқармасының төрағасы Оралхан Кулаков 2016 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының 2020 жылдарға дейінгі көлік инфрақұрылымын ықпалдастыру мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес құрылған компанияның негізгі қызметі туралы баяндама жасады.

Компания биылғы қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ұлттық тасымалдаушы (ҚР Үкіметінің 29.09.2017 жылғы №608 қаулысымен) міндетіне кірісті. Мемлекеттің жан-жақты қолдауымен көлік-логистикалық қызметінің сапалы дамуын жүзеге асыруда соңғы 9 жылда инфрақұрылым, көлік-логистикалық активті дамытуға 26 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция бөлінген.

Теміржол көлігіндегі вагон бизнесін еркін нарыққа шығару нәтижесінде жеке инвестициялар мен вагон операторлары пайда бола бастады. Каспий теңізіндегі тасымалдау әлеуетін пайдалану мақсатында порт инфрақұрылымы дамуда. Оның ішінде Ақтау портының солтүстік қанатын кеңейту жобасы жүзеге асырылды. Құрық портында теміржол –паром кешені пайдалануға берілді. Келесі жылы Құрық портындағы екінші кезеңі – автомобиль паром кешені логистикалық инфрақұрылымы мен кедендік қызмет аймағы іске қосылады.

Биылғы он айда жүк айналымы деңгейі 216,7 млрд. тонна-км құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11% өсті. Жүк тиеу көлемі де 12% өсті. Барлық бағдардағы жүктер: көмір, темір кені, құрылыс материалдары, химиялық заттар, тыңайтқыштар тасымалдау артты.

Компания ұлттық тасымалдаушы ретінде тасымалды толығымен атқаруда. Оның ішінде әлеуметтік маңызды жүктер көмір мен астық тасымалы да бар.

Жалпы алғанда, 2017 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ 83,9 млн. тонна көмір тасымалдады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,5 миллион тоннаға, 15% артық. Оның ішінде қазақстандық тұтынушыларға 56,6 миллион тонна көмір жеткізілді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 17% жоғары көрсеткіш. Биылғы жыл аяғына дейін 107 миллион тонна көмір тасымалдау жоспарланып отыр. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 17% жоғары көрсеткіш.

«Компанияның Қазақстанның өңірлеріне көмір жеткізуге вагоны жеткілікті. Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ ашық вагон паркінде «Қазтеміртранс» АҚ вагондары (экспорт және облысаралық бағдарлар) қызмет көрсетеді. Ол жалпы Республиканың ашық вагондар паркінің 40% қамтиды»,-дейді О. Кулаков.

Қазақстанның жергілікті әкімдіктермен алдын ала бірлесе жұмыс жасап, жылу электр станцияларына көмір қорын жеткіздік. Биылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша барлық жылу электр станцияларында тәуліктіқ қоры ҚР энергетика министрлігінің нормативінен бір жарым есеге артық жиналды. Ал, коммунальдық –тұрмыстық көмір тасымалдаудың жетіспеуі оны өңірлерде сатып алу мен таратумен кәсіпкерлер айналысады. Олардың өз жекеменшігінде вагондары жоқ. Көмірді асықпай тарататын қуатты сақтау қоймалары жоқ. Сонымен қатар көмір тиейтін, түсіретін орындары да инфрақұрылымдық шектеулерге ие.

«Соның салдарынан болатын кедергілерді жою үшін, көмірді тасымалдауды жылу беру маусымы басталғанға дейін мамыр айынан бастап, жоспарлы түрде жүргізу керек»,-дей келіп, О. Кулаков қазір көмір тасымалдау оның ішінде коммунальдық-тұрмыстық мақсаттағы көмір жеткізу тәулік бойы бақылауда тұрғандығын атап өтті.

Биылғы он айда 6,7 миллион тонна астық тасымалданды. Қазақстанның географиялық орналасуы мен көлік инфрақұрылымы 1,5 миллион тонна астық тасымалдауға мүмкіндік әпереді. (Оның ішінде бір миллион тонна астық пен 300 мың тонна ұн).Биылғы астықтың сапалы әрі мол болуы оны экспорттау ауқымын да кеңейтті. Италия, Түркия, Иран, Ауғанстанға астық вагондармен жабық вагондарға сұраныс артты. Порттарға астық жеткізу көлемі күрт өсті. Каспий және Қара теңіз порттары бағдарына сұраныс жоғары. Соның салдарынан терминалдың басамауынан астық вагондарының тұрып қалуы жағдайлары кездесті. Мәселен, 1 қарашада Ақтау портында 1,5 мың астық вагоны, Новоресейде 500 астық вагоны тұрып қалды.

«Тұрақты оператор ретінде Ақтау портына араласып онда қазір вагондардың тұрып қалуы 500- ге дейін азайды. Әрбір өңірлерде әкімдіктерде астық пен ұн тасымалдауды үйлестіру штабтары құрылды»,-деп түсіндірді О. Кулаков.

Қазіргі кезде астық тасымалына жаңа технологиялар енгізілуде. Қазан айында Құрық-Алят- Ахалкалаки- Карс-Мерсин жаңа контейнерлік астық тасымалдау бағдарының қанатқақты жобасы іске қосылды. Болашақта бұл бағдарда 10 мың тонна астық тасымалдауды жоспарланып отыр.

Өзбек темір жолындағы вагон айналымын жақсарту үшін астық шаттл пойыздары Қостанай-Галаба (Иран Ислам Республикасы) ұйымдастырылды. Ұн тиеген пойыздар 3257 шақырымды 120 сағатта жүріп өтеді. Бұл технология жүк жөнелтушілерге тасымалдауды жедел ұйымдастыру арқылы экономикалық табыс келтіреді. Тасымалдауды ұйымдастыру шығынын азайтады. Ал, теміржолға жылжымалы құрамды тиімді пайдалануға кепілдік береді. Қазіргі кездегі астық вагондары мен жабық вагондар айына 1,5 миллион тонна астық тасымалдауға мүмкіндік әпереді.

Жүк тасымалдау барлық қатысушыларға үлкен жауапкершілік жүктейді.

«ҚТЖ –Жүк тасымалы» АҚ» баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
16 / 19.03.2024

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік оты...

336 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

47 / 07.03.2024

Құрметті ханымдар!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Біздің компаниямыздың  кәсіби біліктілігі мен жауапкершіл...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер