XXVI тарифтік конференцияда 2018 фрахтылық жылға арналған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің теміржолдарымен халықаралық бағдардағы жүк тасымалдаудың Тарифтік саясаты қабылданды
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің теміржолдары әкімшіліктері 2018 фрахтылық жылға арналған халықаралық бағдардағы жүк тасымалдаудың Тарифтік саясаты Келісімін қабылдады
Келесі жылға арналған Тариф саясаты биылғы жылы 24-27 қазанда Душанбеде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – Тариф саясаты істері Басқармасы төрағалығымен өткен XXVI тарифтік конференциясында бекітілді.
Әзірбайжан, Белорус, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина, Эстония теміржол әкімшіліктерінің өкілдері жүктерді халықаралық бағдарларда тасымалдаудың теміржол әкімшіліктеріндегі тарифтік жағдайларына қатысты алып өту құны тәртібіне өзгерістер мен толықтыруларды қабылдады.
Тариф саясаты ТМД қатысушы – мемлекеттердің теміржол әкімшіліктерінің тариф саясатының белгіленген Тұжырымдамасы тәртіптеріне сәйкес жасалды. Тұжырымдама 1996 жылы ТМД елдері үкіметтерінің Кеңесінде бекітілген болатын.