Телефон доверия по противодействию коррупции: 8 (7172) 610318
КІРУ
Жаңалықтар

Ақмолалық теміржолшыларға ерікті қан тапсыруды дамытқаны үшін алғыс айтылды 13.06.2023 131
14 маусым – Дүниежүзілік қан доноры күні – Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің басшылығы ерікті қан донорлығын дамытуға белсенді қатысқаны үшін Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Қан орталығының Алғыс хатына ие болды.
Семейлік теміржолшылар Абай облысына қарасты ауылдардың тұрғындарына гуманитарлық көмек жинады 13.06.2023 135
Семей жүк тасымалы бөлімшесінің қызметкерлері Абай облысындағы орман өртінен шыққан түтіннің салдарынан көшірілген ауыл тұрғындарына гуманитарлық көмек жинады. Теміржолшылар Семей техникалық колледжі базасында орналасқан эвакуация пунктіне азық-түлік, су, жеміс-жидек, көкөніс, жуғыш заттар, жаялық және гигиеналық құралдарды жеткізді.
Ақмола бөлімшесі станцияларының басшылары үш күндік оқудан өтті 13.06.2023 101
ЖТ Ақмола филиалының қызмет атқарғанына бір жыл толмаған темір жол станцияларының басшыларына оқу сабақтары өткізілді. Оған өңірдегі 12 станция бастығы қатысты. Көкшетау станциясында тыңдаушылар үшін оқу-жаттығу комиссиясының тексеруі ұйымдастырылды. Оны бөлімнің бас инженері Сайран Баржақсин өткізді. Станция басшылары жолдың, электрмен жабдықтаудың, белгі беру және байланыс құрылғыларының қондырмасындағы ақауларды немесе ауытқуларды анықтау процесін пысықтады. Тәжірибеге қатысушылар пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін және тасымалдау процесінің үздіксіз қамтамасыз етілуіне қатысты іс-қимылдарды орындады.
Huawei форумында ҚТЖ-ның цифрлық даму стратегиясы таныстырылды 07.06.2023 132
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының стратегия жөніндегі орынбасары Әнуар Ахметжанов Алматы қаласында өткен Huawei Middle East & Central Asia Tech Carnival 2023 форумына қатысты.
Теміржолда Экологтар күні атап өтілді. 05.06.2023 139
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің барлық филиалдарынан жиналған инженер-экологтар жыл сайын 5 маусымда атап өтілетін Экологтар күніне арналған семинарға қатысты.
«Нөлдік жарақаттану» иегерлері марапатталды 05.06.2023 100
2023 жылдың 2 маусым күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ кәсіпорындарында он бес жылдан астам уақыт «нөлдік жарақаттану» қағидасын ұстанып, өндірістік жарақаттану оқиғаларына жол бермей, еңбек қауіпсіздігінің сақталуына атсалысқан озат қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Тас көмір теміржолдағы жүк тасымалының негізгі бөлігі болып қалып отыр. 02.06.2023 148
2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚТЖ бойынша көмір тиеу көлемі 106,7 млн тоннаны құрады, бұл жалпы теміржол көлігімен тасымалданған жүктердің 50%-ы. Қатты отын тиеу өткен жылға қарағанда 800 мың тоннаға көбейді. Қазақстан бойынша 74,3 млн тонна көмір тасымалданып, экспортқа 32,4 млн тоннасы тиелген.
Теміржолда балаларға арналған Ашық есік күні өтті 31.05.2023 124
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС -нің барлық бөлімшелерінде Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара Балаларды қорғау күнін мерекелеуге орайластырылған. Өзге  уақытта қол жетімділігі қатаң шектелген өндірістік нысандарға барған қызметкерлердің балалары экскурсия барысында ата-аналарының жұмыс орнында болып, негізгі теміржол мамандықтарымен танысты.
Ақмолалық теміржолшылар дала өртін сөндіруге атсалысты 25.05.2023 178
2023 жылдың 24 мамыры сағат 16.57 кезінде жүк пойызының машинисты Константин Власов Жамантұз-Көкшетау учаскесінде дала өртін анықтады.
Өрт сөндіру пойызы Абай облысының аумағында өртті сөндіруге қатысуда 22.05.2023 142
2023 жылдың 22 мамырында Семей станциясының өрт сөндіру пойызы Абай облысының Ауыл станциясына жіберілді. Пойыз 20 астам ТЖД өрт сөндіру машиналарын жабдықтады. Теміржолшылар 180 тоннадан астам су жеткізді.
Теміржолшылар балалары арасында мерекелік челлендж жарияланды 21.05.2023 158
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Жас теміржолшы!» челленджін іске қосты. Іс-шара корпоративтік рухты, теміржолшы мамандығының беделін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
Мемлекет басшысы Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысты 18.05.2023 160
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне онлайн режимде қатысты.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді 17.05.2023 141
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Жалғыз акционерінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі шешімімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілді:
ҚТЖ желісі бойынша жүк айналымы 2023 жылдың төрт айында 9,6%-ке өсті 15.05.2023 126
2023 жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша ҚТЖ желісінде жүк тасымалдау 82,4 млн тоннаны құрады. Ел ішінде тасымалдан5аны – 52,8 млн тонна. Экспортқа 29,6 млн тонна жөнелтілді.
Астанада өткен Қазақстан машина жасаушыларының XI форумында теміржолдық машина жасауды дамыту мәселелері талқыланды 14.05.2023 143
Қазақстан машина жасаушыларының XI форумының жұмысына мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және негізгі машина жасау кәсіпорындарының ("Локомотив құрастыру зауыты" АҚ, "Электровоз құрастыру зауыты" АҚ, "STADLER KAZAKHSTAN" ЖШС және т.б.) өкілдері қатысты.  
ҚТЖ отандық микропроцессорлық орталықтандыру жүйесін енгізуде 12.05.2023 140
Қазақстандық әзірлеушілердің МПО-QZ станциялық микропроцессорлық орталықтандыру жүйесі ең жүктемесі жоғары  бағыттардың бірі – Достық – Ақтоғай учаскесінде тәжірибелік пайдалануға енгізілді.
Теміржол көлігінде тасымалданатын астық жүктерінің сақталуы мен қауіпсіздігі – ерекше бақылауда 11.05.2023 196
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС астық жүктерінің сақталуын қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі. Жыл сайын «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС-мен (ӘТЖК) номенклатуралық жүктерді күзетуге шарт жасалады. Тасымалдау кезінде астық жүктерін әскерилендірілген күзет қызметкерлері алып жүреді.
Теміржолшылар соғыс ардагерлері мен концлагерь тұтқындарын Жеңіс күнімен құттықтады 09.05.2023 155
Жеңіс Күні қарсаңында еліміздің әр өңірінде теміржолшылар соғыстан кейінгі өмірін болат магистралін дамытуға арнаған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және фашистік концлагерьлер  тұтқындарына құрмет көрсетті. Оларға соғыс жылдарындағы ерліктері мен қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, азық-түлік себеттерін табыстады
Алашаңқай және Достық шекаралық станцияларда ҚР мен ҚХР теміржолшылары делегацияларымен алмасу өтті 01.05.2023 138
Алашаңқай станциясына жұмыс сапары барысында Алматы ЖТ бөлімшесінің директоры Нұрым Жаниязов бастаған қазақстандық делегацияға жүк тиеу терминалдарының жұмысын көрсетіп, даму мүмкіндіктері, жоспарлары мен перспективалары туралы айтып берді.
Теміржолшылар Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған балалар суреттері байқауын өткізді 30.04.2023 168
Суреттер байқауына «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Батыс» филиалы Қызылорда бөлімшесі қызметкерлерінің 5 жастан 11 жасқа дейінгі балалары қатысты. Конкурс тақырыптары: «Менің ата-анам еңбекті қорғауды сақтайды», «Есіңізде болсын, сізді үйде күтеді!", «Менің ата-анам қауіпсіз жұмыс істейді!». Байқаудың барлық қатысушылары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналса, кәсіподақ комитеті еңбекті қорғау және экология секторымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Ол 28 сәуірде атап өтіледі. Оның мақсаты – еңбекті қорғау мәселелеріне назар аудару.

81 - 100 из 591
Начало | Пред. | 3 4 5 6 7 | След. | Конец