Қырқыншыда туған кезекші
04.08.2023
113
Стансаның теміржол жағалай орналасқан екі ғимараты бар. Бірі – әкімшілік, екіншісі – нағыз өндіріс мамандары отыратын ЭЦ-қосыны. Осы қосынның үшінші қабатында «қозғалыстың қожайыны» – станса кезекшілері отырады. Оларды өздері стансаның «ми жүйесінің орталығы» деп те атайды. Өмірінің 39 жылын осында өткізіп, тапжылмай еңбек етіп келе жатқан Жақыпбек Назаровты сол жерде пульт табло алдында таптық. Қаптаған қара телефондардың бірінен соң біріне жауап беріп, келген пойыздар қозғалысын реттеп, қауырт жұмыс үстінде отыр екен.