Арыс станциясында локомотив бригадаларының демалу үйі жөнделді
15.10.2023
89
Түркістан облысының Арыс станциясында локомотив бригадалары үшін демалу үйіне жөндеу жүргізілді. Екі қабатты ғимарат күрделі жөндеуден өтті. Жөндеу барысында жылыту, жарықтандыру жүйелері, есіктер, терезелер, линолеум ауыстырылды. Душ, жуынатын бөлме, асхана, қабырғалар мен төбелер күрделі жөндеуден өтті. Тәулік бойы жұмыс істейтін жайлы демалыс бөлмесі, асхана жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталды.