Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1686 / 28.12.2016 00:00

Шұғыл шаралар нәтижесінде пойыз қозғалысы қысқа мерзімде қалпына келтірілді

27-желтоқсанда Бабатай станциясындағы оқиға жөнінде, ақпарат түскен бойда Астана мен Қарағанды станцияларынан екі қалпына келтіру пойыздары шұғыл жеткізілді. Оқиға салдарын жоюға, Ақмола, Қарағанды жол бөлімшелерінің барлық қызметкерлері тартылды. Теміржолшылар ерекше қиын жағдайда жұмыс жасады. Алдымен жолды аршу шаралары қабылданды. Шұғыл шаралардың нәтижесінде, алты сағаттан соң пойыздардың өтуіне жол ашылды. Бұрын мұндай жағдайда, аса қиын кезде (қысқы ауа райы, түнгі мезгіл) пойыз қозғалысын қалпына келтіруге әлдеқайда көп уақыт кететін.

«Біз оқиға орнына шұғыл жеттік. Өзіміздің техникаларымызды, жаңа крандар, екі телескоптық бағыттауышты трактор, вагондарды көтеруге арналған тиісті құрылғылар қолданылды. Ұжымның ұйымдасқан түрдегі жұмысы нәтижесінде өте қысқа мерзімде жол аршылды»,-дейді Астана қалпына келтіру пойызының бастығы Марат Бейсенов.

Астана Қарағанды бағытындағы пойыз қозғалысының тоқтауына байланысты астаналық темір жол вокзалында 600–800 адам жиналып қалды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы — «Магистральдық желі дирекциясына» қарасты вокзал қызметкерлері ерекше кесте бойынша жұмыс істеді. Вокзал ғимаратында қосымша орындықтар орнатылып, 600-ге жеткізілді. 50 жолаушы балаларымен ана мен бала бөлмесіне, егде жастағы жолаушылар қосымша бөлмеге кіргізілді. Әрбір үш минут сайын дикторлар пойыз қозғалысының техникалық жағдайға байланысты кешіккені туралы хабарлап тұрды.

28-желтоқсанда 04 сағат 30 минутта барлық жолаушылар сапарға аттанды.

Қазіргі кезде вокзал белгіленген кесте бойынша жұмыс істеп тұр.

27 -желтоқсанда Осакаровка станциясынан Астанаға жолаушыларды жеткізу үшін 10 автобус бөлінді. 250 жолаушыға темір жол билеті кейін қайтарылды.

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ
Баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
21 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

212 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

116 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер