Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Инфрақұрылым операторы жасақталады
2115 / 27.12.2016 00:00

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Инфрақұрылым операторы жасақталады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да компания президенті Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен Инфрақұрылым операторын жасақтау, тасымалдау тұрақтылығын қамтамасыз ету жайлары қаралды.

Кеңеске «ҚТЖ -Жүк тасымалы» АҚ мен Магистральдық желі дирекциясының барлық аймақтық филиалдарының басшылары қатысты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Инфрақұрылымы операторын жасақтауды жүзеге асыру- Бизнесті трансформациялау бағдарламасына орай, компания тобындағы кәсіпорындарды үш кезеңмен қайта құрылымдау аясында өткізілуде.

Бүгінгі таңда Ұлттық тасымалдаушы жасақталды деуге болады. «Қазтранссервис» АҚ мен «KTZ Express» АҚ бірігіп көлік қызметінің Бірыңғай терезесі құрылды.

2017 жылдың аяғына дейін Инфрақұрылым операторын жасақтау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы арасындағы диспетчерлік қызметтік міндеттерінің ара жігі анықталуда.

Қ. Алпысбаевтың айтуынша, «аралық кезеңде желідегі тасымалдау жұмыстарын бірыңғай технологиялық терезе арқылы тұрақты қамтамасыз ету маңызды».

Даму жөніндегі вице-президент Е. Жусанбаев кеңеске қатысушыларды Үш кезеңді жоспар тұжырымдамасы бойынша диспетчерлік басқару міндеттерін желілік, аймақтық және тораптық деңгейде жүзеге асыру көзделеді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның өндірістік кәсіпорындарының өзгерістерге дайындығы мен қайта құрылымдаудың әсері туралы Жүк тасымалы мен Магистральдық желі арасындағы жауапшершілік шегін белгілеу туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ президенті О. Кулаков баяндама жасады.

Кеңес барысында кезең-кезеңмен диспетчерлік басқару міндеттерін желілік, аймақтық және тораптық деңгейде жүзеге асыру мәселесі қолдау тапты.

Тоқталыссыз пойыз қозғалысын қамтамасыз ету мәселесі ерекше назар аудартты.

Өндірістік қауіпсіздік және экология, тәуекелдіктерді басқару департаментінің директоры А. Жағыпаров бөлімшелердегі қозғалыс қауіпсіздігі жағдайын сараптаудан өткізіп аймақтардағы бірқатар басшыларға жұмысты жақсарту үшін қолға алынатын шараларды орындауды тапсырылды.

Кеңес соңында жүк вагондарымен тасымалдауды қамтамасыз ету мәселесіне қатысты маңызды жайлар талқыланды.

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ
Баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
99 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

11 / 17.05.2024

«ҚТЖ – Жүк тасымалы – Семей бөлімшесі» ЖШС әлеуметтік тұрақтылық бағдарламасы.

Пайдалану жағдайларын жақсартуға және объектілердің сенімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар теміржол инфрақұрылымының тұрақты және қауіпсіз ...

20 / 13.05.2024

Көлік министрлігі Астана қаласының оқушылары үшін Ашық есік күнін ұйымдастырды.

Аталған іс-шара Астана қаласының 9-11 сынып оқушылары үшін «көлік әлемінде: болашақ сіздің қолыңызда» атты атаумен өткізілді. Көлік министрі М. ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер