Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ командасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған спартакиада жеңімпазы атанды
1932 / 06.12.2016 00:00

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ командасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған спартакиада жеңімпазы атанды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-нда өткізілуі орталық аппарат, филиалдар және еншілес ұйымдар еңбеккерлерінің арасында дәстүрге айналған спартакиада аяқталды. Ағымдағы жылы спорт ойындары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналды.

12 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өткізілген спартакиадаға 300-ден астам адам қатысты. Командалар спорттың бес түрінен, атап айтқанда баскетболдан, волейболдан, мини-футболдан, үстел теннисінен және шахматтан күш сынасты.

Спартакиадаға алғашқы рет қатысқан «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ командасы футболдан бірінші орынға, ал үстел теннисінен үшінші орынға қол жеткізді.

Спартакиаданың қорытындылары бойынша, «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ-ның 19 адамнан құралған командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды ұтып алды.

Екінші орынды «Әскери теміржол күзеті» АҚ командасы иеленсе, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Орталық аппаратының командасына үшінші орын бұйырды.

Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Аталмыш спартакиада ұлттық компания еңбеккерлерінің арасында теміржолшылар тұрмысына дене тәрбиесі мен спортты енгізу, еңбеккерлердің денсаулықтарын нығайту мен індетке ұшырауларын төмендету, сонымен қатар ішкікорпоративтік жарыс рухын ынталандыру мақсатымен өткізілетінін атап өткен жөн.

Озат спортшылар республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрама командасының құрамына кіретін болды.

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ
баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
21 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

212 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

116 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер