Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1000-дық контейнерлік пойыз Қытай – Еуропа маршруты бойынша Алтынкөл станциясы арқылы жүріп өтті
2461 / 02.12.2016 00:00

1000-дық контейнерлік пойыз Қытай – Еуропа маршруты бойынша Алтынкөл станциясы арқылы жүріп өтті

Ү.ж. 1 желтоқсаны күні Қытай — Еуропа бағытында Алтынкөл станциясы және «Хоргос — Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ кемежайы арқылы 1000-дық контейнерлік пойыз жүріп өтті.

«KTZ Express» АҚ-мен және «Біріктірілген көліктік-логистикалық компаниясы» АҚ-мен (БКЛК) ұйымдастырылған пойыз кеден процедураларынан және 1520 жолына асқынжүктен небары 55 минуттың ішінде-ақ өткен.

Hewlett Packard (HP) компаниясының өнімі бар құрам белгіленген пунктке үстіміздегі жылдың 7 желтоқсаны күні келеді деп жоспарланған.

«Аталмыш маршруттың клиенттер үшін тартымдылығы дамыған инфрақұрылымына және «Хоргос — Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ кемежайымен, сонымен қатар 1520 жолының бар сапарында ұсынылатын сапалы логистикалық сервисіне шарттас», — дейді «KTZ Express» АҚ Презденті Диас Искаков.

Дәл қазіргі уақытта «KTZ Express» АҚ серіктестермен ортақтасып, 17 тұрақты контейнерлік маршрутта операциялайды. Ляньюнгандағы зәкірлік серіктесімен қатар, компания Чунчинь, Чженьчжоу, Ухань, Чэнду, Сиань, Иу, Хефей, Ланьчжоу сияқты қытайлық қалалармен қызметтестік орнатқан. Компания клиенттерінің арасында Hewlett-Packard, Acer, Huawei, Foxconn, Toshiba және тағы басқа трансұлттық компаниялар бар.

БКЛК Бірінші вице-президенті Е.Жәкішев атап өткендей, «жақын арада клиенттерімізге 1520 мм жолының инфрақұрылымы бойынша жеткізудің жаңа транзиттік уақыты ұсынылатын болады. Бұл БКЛК теміржол маршрутының тартымдылығын арттыруды және акционерлер үшін 2025 жылға дейін жоспарланған уақытқа 1 млн. TEU дейінгі тасымалдар көлемі өсімінің қарқынын қатмасыз етеді».

БКЛК базалық маршрутындағы теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілеті бүгіннің күннің өзінде 2016 жылдың көрсеткіштерінен 3–4 есеге асатын көлемнің бөгетсіз өткізілуін қамтамасыз етпек. ЕО пен ҚХР шекараларындағы терминалдар да төзімділіктің айтарлықтай қорына ие.

Поделиться:
Популярные новости
21 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

212 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

116 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер