Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Шығыс Қазақстанда пойыз машинисі 4-метрлік қар құлауымен соқтылысуды алдын алды
1711 / 26.11.2016 00:00

Шығыс Қазақстанда пойыз машинисі 4-метрлік қар құлауымен соқтылысуды алдын алды

Үстіміздегі жылдың 26 қарашасы күні 3 сағ. 21 мин. Шығыс Қазақстан облысына қарасты Серебрянка-Защита теміржолының телімінде пойыздың рельске құлаған қар көшкінімен соқтылысуының беті қайтарылды. «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ филиалы ТС Шығыс Қазақстан жол бөлімшесі жанындағы ТД-10 «Серебрянка» локомотив бригадасының машинисі Георгий Рудой жедел тежеуді қолданудың арқасында құрамның қар құлауымен соқтылысуды алдын алды.

Ұзындығы 6 метрге және биіктігі 4 метрге теңелетін көшкін таудан Огневка — Ермаковка өткелігінің 58-інші шақырымында жылжыған. Амалсыз тоқтатудың жеріне СДПМ (теміржолды қардан тазалауға арналған жол машинасы) келіп, теміржол төсемін толығымен тазартып шықты.

Жалпы салмағы 3000 тоннаны құрайтын 52 вагоны бар № 3130 жүк пойызы Защита станциясына бағыт алған. Қарды тазалау жұмыстары өткізілгеннен кейін құрам өз қозғалысын жалғастырды. Пойыздың тұрып қалу уақыты шамамен 4 сағатты құрады.

ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның қар көшкіні қауіпті аумақтардың бірі болып табылады. Облыста қар көшкінінің 446 жағдайы тіркелген. 10 қарашадан бастап, ауа-райының тұрақсыздығына байланысты, көшкін қаупі бар мерзім басталды.

Қозғалысты қар көшкінінің қауіпті жерлерінде жүзеге асыратын «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ өңірлік филиалдарының локомотив бригадалары қар құлауымен соқтылысу қаупі және төтенше жағдай болған уақытта бекітілген нұсқауға сәйкес әрекет ету қажеттілігі жайлы ескертілген.

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ
баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
21 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

212 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

116 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер