ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздік...
Үстіміздегі жылдың 15 қарашасы күні Астана қаласында «ҚТЖ — Жүк тасымалы» — «Қазақстанның теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі еңбеккерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі филиалының кәсіптік одақ конференциясы өткізілді.
Конференция жұмысына Кәсіптік одақ төрағасы Оразғали Ахметбеков, «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ Даму және корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі
Конференцияға «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ бөлімшелері жанындағы еңбек ұжымдарының бастапқы кәсіптік ұйымдарынан жалпы 86 делегат қатысқан.
2015–2016 жылдарға «Локомотив» — «Қазақстанның теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі еңбеккерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі филиалының Кеңесі жұмысы жайлы баяндамамен осы филиал төрағасы Қанат Баетов сөз алды. Оның атап өтуінше, «есептік мерзімде Кәсіптік одақ кеңесі мен комитеттері әлеуметтік кепілдер мен жеңілдіктерді, салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын, еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін қолдағы мүмкіндіктерді барынша пайдалануға ұмтылды». Бұнымен қатар, Қанат Баетов жиналғандарға өздігінен бас тартқаны жайлы мәлімдеді. «ҚТЖ — Жүк тасымалы» — Кәсіптік одақ филиалының төрағасы қызметіне бірауыздан «ҚТЖ — ЖТ» АҚ — «ТС — Ақмола бөлімшесі» филиалының директоры Ермек Төлегенов сайланды. Бұған қоса, Кеңес және филиалдың ревизиялық комиссиясының құрамдары да сайланды.
«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ
баспасөз қызметі
Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...
Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...