Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1763 / 22.08.2016 15:50

МАШИНИСТЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ҚОЙЫЛДЫ

Жамбыл облысы Шу қаласындағы депода машинистердің құрметіне мемориалдық тақта және Тұрар Рысқұловтың бюсті орнатылды.

«ҚТЖ – Жүк тасымалдау» АҚ филиалы «Шу пайдалану локомотивтік депо» мекемесінде машинистердің құрметіне мемориалдық тақта және қазақтың көрнекті қайраткері Тұрар Рысқұловтың бюстін ашу салтанатты рәсімі болды. Сол кездерде Құрылыс жөніндегі комитетті Тұрар Рысқұлов басқарған.

Мемориалдық тақтаны ашуға арналған митингке көпшілігі осындағы еңбек династиясын жалғастырушылар болып табылатын депоның жұмысшылары, осы жол торабының ардагерлері қатысты. Бұл шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына қатысты және «ҚТЖ – Жүк тасымалдау» АҚ жариялаған Машинист жылы аясында өткізіліп отыр.

Жиынды «ҚТЖ – Жүк тасымалдау» АҚ департамент директоры Болат Ибадуллаев құттықтау сөзбен ашты. Машинист мамандығы темір жолда әрқашан құрметті және жауапты болған және бола да береді, деді ол өз сөзінде.

– Күрделі ауа райы жағдайында, қашанда қиын жағдайларға дайын болу, қажет кезде дұрыс шешім шығара білу, үнемі жауапкершілікті сезініп, нормаланбаған графикпен жұмыс істеу әркімнің қолынан келе бермейді. Бүгін Шу пайдалану локомотивтік депода маңызды шара – осы күрделі және жауапты мамандықтың өкілдеріне құрмет ретінде мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өткізілуде. Теміржол транспорты еліміздің дамуына елеулі үлес қосты, маңызды рөл атқарды. Машинистер, жол сілтейтіндер, вагондағылар, қозғалысты реттейтіндер күн сайын өзінің еңбегімен теміржол саласының дамуына өз үлестерін қосып жатыр, - деді Болат Ибадуллаев.

Сондай-ақ, алдыңғы қатарлы жұмысшылардың озық тәжірибелерін тарату үшін, локомотивтік бригадалар мүшелерінің шеберліктері мен білімдерін көтеру үшін, олардың ауыр еңбектерін ынталандыру, мамандықтың абыройын арттыру үшін Машинист жылы жарияланғанын Болат Ибадуллаев өз сөзінде атап өтті.

Қазақстанның көрнекті қайраткерінің бюсті мен құрмет тақтасын ашу құрметі «Құрмет» орденінің иегері, құрметті теміржолшы, депоның бұрынғы директоры Отан Молдабаевқа берілді.

Депоның озық машинистерінің аты-жөндері ойылып жазылған мемориалдық тақта депо ғимаратының қабырғасына орнатылды. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, мұнда депоның ашылғанынан бастап әр жылдарда ерен еңбек етіп, мекеменің дамуына еселі үлес қосқан адамдардың есімдері жазылған. Олардың ішінде қазіргі заманның да жұмысшылары бар. Мысалы, машинист Дүйсебек Оңланбаев. Ол теміржолда 40 жылдай еңбек етті. Отыз жылдан астам поезды жүргізді. Дүйсебек Оңлабаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу қарсыңында алған ҚР Президентінің құрмет грамотасын мақтан тұтады.

– Теміржолсыз мен өз өмірімді көзге елестете алмаймын. Өзімнің жұмысымды 100 пайызға жақсы атқарып, әріптестерімді ұятқа қалдырмауға тырысамын, - дейді ол.

Шараның ресми бөлігі аяқталған соң локомотивтік депоның алдыңғы қатарлы жұмысшылары «ҚТЖ»ҰК» АҚ, «ҚТЖ – Жүк тасымалдау» АҚ – «БЖ Жамбыл жолдары бөлімінің» және «Шу пайдалану локомотивтік депо» мекемесінің құрмет грамоталарымен марапатталды. Жас машинистерге 3 сынып куәліктері тапсырылды.

Бұл шараға дайындық барысында локомотивтік депоның әкімшілік ғимаратына, локомотивтік бригадалардың демалыс үйлеріне, асханаға және басқа қызметтік ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Поделиться:
Популярные новости
155 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

287 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

133 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер