Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат
2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жол...
Амантай 1971 жылдың қаңтарында Атырау облысының Исатай ауданында теміржолшылар отбасында дүниеге келген. Әкесі Айдолла Исатай теміржол стансасында станса кезекшісі болып ұзақ жылдар еңбек етсе, анасы Талшын – стансада жол монтері болып жұмыс жасаған.
– Ата-анам мамандықтарын мақтан тұтатын, сол саланың нағыз шебер мамандары болатын. Менен бөлек отбасымызда 4 ұл мен 6 қыз өсіп, жетілдік. Әрқайсымыздың білім алып, қатарымыздың алды бо-лып өсуімізге ата-анамыз барлық жағдайды жасады. Мен мектепте жақсы оқыдым. Оқуда озат болып, көркемөнерпаздар үйірмесін ұйымдастырып, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстым. Мұның барлығы отбасындағы тәрбиеден деп білемін,– деп әңгімесін бастады Амантай Айдоллаұлы.
Мектеп бітірген соң кейіпкеріміз Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына алыныпты. Украинада, Әзірбайжанда, Молдовада әскери борышын өтепті. Елге келіп, еңбекке араласыпты. Теміржолшылар отбасында дүниеге келіп, ес білгелі паровоз бен тепловоздың ысылдаған ысқырығын естіп, теміржол бойында өскендіктен өзінің өмір жолын, мамандығын теміржолмен байланыстыруды жөн санапты.
– Әлі есімде әкеміз жұмыстан қолы босамай, түскі асқа, кешкі асқа келе алмаған кездері мен әкеме үнемі тамақ апарып беретінмін. Қасында болып, қолғабыс етемін. Жастайымнан стансада кезекші болып жұмыс жасау да оңай емес екендігін көріп өстім. Әкеме үлкен жауапкершілік жүктелетін, 12 сағаттың ішінде сол стансадағы барлық теміжолшылардың басын біріктіріп, уақытты тиімді пайдалану арқылы бүкіл стансаны басқаратын, жұмысты тиімді ұйымдастыратын. Осындай ортада тәрбиеленгендіктен мамандық таңдарда ойланбастан теміржол саласына келдім, деді Амантай Айдоллаұлы.
Кейіпкеріміз жұмыс жасап жүріп, сырттай бөлімде Алматы техникумында, кейін Ақтөбедегі КазАТК-да білім алып, біліктілігін арттырады. Алғашқы еңбек жолын 1991 жылы Исатай ауданына қарасты 11 разъезде станса кезекшісі болып бастайды. Еңбекқор жан 1998 жылы «Сазанқұрақ» қазақ-американ бірлескен кәсіпорынына қарасты 12 разъезде станса кезекшісі болып абыройлы еңбек етіп, 2001 жылы сол стансаның басшысы қызметіне дейін көтеріледі. Қызметінің қыр-сырын жақсы меңгерген маман кейін 2003-2005 жылдары Мақат станса бастығының орынбасары, жүк тасымалдау және коммерциялық бөлімінің басшысы қызметіне ауысады. 2005-2007 жылдары Атырау бөлімшесінде пойыз диспетчері болып жұмыс жасайды. Бойында білімге деген құштарлығы мен жоғары оқу орнында ойға түйгендерін жұмыс барысында да шебер қолдана білген ол киелі түбек Маңғыстауға арнайы шақырту алады.
– Осыдан тоғыз жыл бұрын Маңғыстау жол бөлімшесі ашылып, біраз мамандарды жан-жақтан шақырған болатын. 2007 жылдың тамыз айында Атыраудан 12 адам болып келдік. Бір жылдай пойыз диспетчері болып жұмыс жасап, кейін бөлімше кезекшісі болып ауыстым. 2009 жылы Бейнеу стансасына басшының орынбасары етіп тағайындады. 2013 жылы Жаңаөзен қаласында станса басшысы болып жұмыс жасадым. Араға бір жыл салып, Ақтау қаласына қайтадан келдім. Бүгінде "ҚТЖ жүк тасымалы" АҚ Маңғыстау жол бөлімшесі шұғыл басқару бөлімінің басшысымын. Мамандығым өзіме қатты ұнайды, дейді Амантай Айдоллаұлы.
Бүгінде Амантай аға жапырағы жайылған үлкен әулеттің отағасы. 1994 жылы өмірлік серігі Ақтолқынмен шаңырақ көтерген. Жарасымды жұпты табыстырған да теміржол саласы болатын. Шаттығы шалқыған шаңырақта Айдана, Ақзада, Арсен, Шұғыла есімді ұл мен қыз дүниеге келген.
– Жұбайым Ақтолқынмен жұмыс барысында таныстым. Екеуміз тез тіл табысып кеттік, араға көп уақыт салмай отбасын құрдық. Менен бөлек әулетімізде ағам Аманкелді, қарындасым – Шынар, жұбайым – Ақтолқын да теміржол саласын-
да жұмыс жасайды. Әкеміз балаларын: «Өтірік айтпаңдар, әділ болыңдар, алға қойған мақсаттарыңа жету үшін еңбек етіңдер. Мамандықтарыңа адал болыңдар» деп тәрбиеледі. Әкеміздің осы өсиеті әрдайым жадымда. Сондықтан адам қай салада еңбек етсе де, сол саланың алға басуына үлес қосуға талаптануы керек, дейді мамандығы жайында Амантай Айдоллаұлы.
Кейіпкеріміздің теміржол саласындағы қызметі, кәсіби біліктілігі жоғары бағаланып, 2008 жылы «Біртұтас қазақ теміржолына 50 жыл» және 2014 «Қазақстан темір жолына 110 жыл» төсбелгілері табысталған. 2011 жылы «Кәсібі бойынша үздік» атағы берілген. Отбасында асыл жар, қызметтестері арасында беделді, ініге қамқор, ағаға ізетті азамат ұяда көрген өнегесімен бүгінде өзгелерге үлгі болуда.
Айкын газетi
2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...
2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...
Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...