Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі
323 / 09.04.2024 10:14

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылып отыр.
2. Байқауды ұйымдастырушы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің Адам ресурстарын басқару және әлеуметтік саясат департаменті (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).
3. Байқау «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдары қызметкерлерінің балалары мен немерелері арасында өткізіледі(бұдан әрі – Қатысушы).

Байқаудың мақсаты:
4. Жас ұрпақтың бойында шығармашылық әлеует пен танымдық белсенділікті тәрбиелеу және жүзеге асыру.
5. Отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
6. Болат желінің пайда болу, қалыптасу және даму тарихына қызығушылықты арттыру, теміржолшы мамандығын кеңінен насихаттау.
Байқаудың тақырыбы және қатысушылары:
7. Байқауға 6 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қатысады.
8. Байқаудың тақырыбы келесі тақырыптағы балалар суреттері:
- 6 жастан 10 жасқа дейінгі балалар үшін – еркін тақырып;
- 11 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға үшін – тақырып: «Темір жолға 120 жыл».
Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:
9. Байқауға А4 немесе А3 форматындағы қағазға түсті бояумен салынған суреттер қабылданады. Байқауға ұсынылған суреттерді қолмен (қарындаш, фломастер, гуашь, акварель, пастель) кез-келген бейнелеу өнерінің техникасы арқылы және кез-келген материалға салуға болады.
10. Суреттер ата-аналарының немесе басқа отбасы мүшелерінің көмегінсіз өз бетінше орындалуы керек.
11. Суреттер электронды түрде JPEG немесе PNG форматында ұсынылады (ол үшін жұмысты суретке түсіру немесе сканерлеу қажет, файл 5 МБ аспауы керек).
12. Әрбір суретпен бірге Байқауға Қатысушы туралы келесі ақпараттар қоса берілуі керек: Қатысушының Т.А.Ә. (толығымен); Қатысушының жасы; Ата-анасының Т.А.Ә., лауазымы және жұмыс орны (толығымен); ата-анасының телефон нөмірі (үй/ұялы телефон), тұрғылықты мекенжайы.
13. Әрбір Қатысушы Байқауға екі данадан көп емес сурет ұсына алады. Барлық келесі суреттерге Конкурсқа қатысуға рұқсат етілмейді және қарастырылмайды.
14. Байқауға қатысуға мына суреттер қабылданбайды:
- компьютерде графикалық редакторларда орындалған;
- Байқау талаптарына сәйкес келмейтін;
- Байқау аяқталғаннан кейін ұсынылған;
- Бацқауға Қатысушы туралы ақпарат болмаған жағдайда.
15. Суреттер Ұйымдастырушының электрондық мекенжайына (Suraganova_AU@railways.kz) «Темір жол балалардың көзімен» байқауы туралы ескертумен жіберілуі керек.

Байқауды өткізу тәртібі
16. Байқау екі жас санаты бойынша өткізіледі: 6-10 жас, 11-14 жас.
17. Жұмыстарды қабылдау 2024 жылғы 2 мамырда аяқталады.
18. Байқаудың қорытындысы 2024 жылдың 15 мамырына дейін шығарылады.
19. Байқау жеңімпаздары әр жас санаты бойынша (1, 2, 3 орын) дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
20. Байқау жеңімпаздарын анықтау қазылар алқасына жүктелді, оның құрамына «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Адам ресурстарын басқару және әлеуметтік саясат департаменті, «Қазақстан теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағының» өкілдері кіреді.
21. Қазылар алқасы Байқау қатысушылары ұсынған жұмыстарды 5 балдық жүйе бойынша бағалау парақтарын толтыру арқылы бағалайды.
22. Жеңімпаз жиналған ұпайлардың ең көп саны бойынша анықталады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешіміне шағым жасауға болмайды.
23. Ұйымдастырушы Байқауға қатысушылар үшін қосымша номинациялар мен ынталандыру сыйлықтарын белгілеуге құқылы.

Байқау нәтижелерін хабарлау
24. Конкурс нәтижелері Серіктестіктің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
25. Конкурстың қорытындысы шығарғаннан кейін Ұйымдастырушылар бағалы сыйлықтарды Серіктестіктің филиалдарына кейіннен Серіктестік жеңімпаздарына сыйлықтарды тапсыру үшін жібереді.
Поделиться:
Популярные новости
110 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

121 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

5 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер