Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат
2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жол...
Минск қаласында (Беларусь Республикасы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Тарифтік келісіміне қатысушы теміржол әкімшіліктерінің ХХХІІ тарифтік конференциясы болып өтті.
Конференция жұмысына Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінің он теміржол әкімшіліктерінің, сондай - ақ Достастыққа қатысушы мемлекеттер Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің өкілдері қатысты.
ХХХІІ Тарифтік конференциясы Тарифтік келісімнің 30 жылдығына орай өткізілді.
1993 жылы осы құжатқа қол қоя отырып, теміржол әкімшіліктері бірыңғай қағидаттар негізінде әзірленетін Үйлестірілген тарифтік саясатты қолдануға келісті.
Тәжірибе көрсеткендей, оны қолдану халықаралық қатынастарда теміржол көлігімен жүктерді тасымалдаудың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, ал теміржол әкімшіліктері экономикалық және геосаяси көлік нарығының барлық өзгерістеріне уақтылы және барабар жауап беріп отырды.
Конференцияда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің 2024 фрахталық жылға халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауға арналған Теміржол тарифтік саясаты қабылданды.
Тарифтік саясат істерін басқарудың 2024 жылға арналған функциялары Қазақстан Республикасының теміржол әкімшілігіне жүктелген
2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...
2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...
Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...